Astana Hub қолдауымен жарық көрген алғашқы деректі фильмде технология жасап, әлемдік нарықта бәсекеге түсе алатын қазақстандық жаңа буынның қалыптасу жолы баяндалады. Туынды бағдарламалаудың алғашқы сабақтарынан бастап халықаралық олимпиадаларға дейінгі, мамандық ауыстырудан жеке стартап құруға дейінгі ауқымды қамтиды. Фильмнің басты өзегі – еліміздің негізгі ресурстарының бірі саналатын адами капитал: дарынды жастар, олардың қабылдаған шешімдері мен әлеуетін толық ашуға жол ашатын мүмкіндіктер.
Әдетте технологиялық даму көрсеткіші инвестиция көлемімен, компаниялар санымен және экспорттық түсіммен өлшеніп жатады. Ал аталмыш фильм осы бір құрғақ сандардың артында тұрған нақты тұлғаларға назар аударуды ұсынады. Олардың қатарында ойын жасау мен робототехникада бағын сынап жүрген жасөспірімдер, жұмыс күні аяқталған соң білім алуға асығатын ересектер және бірнеше сағаттық сайыс үшін айлар бойы тынымсыз дайындалатын олимпиада қатысушылары бар.
Оқиғалар желісінің бірі бариста жұмысы мен оқуды қатар алып жүріп, кейін неміс компаниясына әзірлеуші қызметіне орналасқан Дашаға арналады. Тағы бір кейіпкер IT саласына экономика мен дәстүрлі бизнес әлемінен келген. Ол бағдарламалауды нөлден меңгеріп, өз командасымен бірге ойын аударуға бағытталған стартапты қолға алған. Олардың тәжірибесі сапалы білімнің адамның кәсіби тағдырын қалай өзгертетінін және бұрын қолданыс таппаған қабілеттерді жүзеге асыруға қаншалықты септесетінін дәлелдейді.
Бұл өзгерістер сан алуан тәжірибесі бар мамандар қатар оқып, еңбек ететін және ортақ жобалар жасайтын ортада жүзеге асуда. Көрермен alem.ai Халықаралық жасанды интеллект орталығының қызметімен, Tomorrow School студенттерімен, TUMO Astana орталығының жасөспірімдерімен және Tech Orda бағдарламасының қатысушыларымен танысады. Олардың тарихы жаңа мамандық игеру мүмкіндігінің артында үздіксіз ізденіс, өзара қолдау және сәтсіздіктерге қарамастан мақсатқа ұмтылуға деген табандылық жатқанын айқын көрсетеді.
Фильм көрерменді технология әлеміндегі алғашқы қадамдардан бастап, әлемдік деңгейдегі күрделі міндеттерге дейін жетелейді. Астанада өтетін Northern Eurasia Camp (NEC) оқу-жаттығу жиынында бағдарламалаудан ICPC әлем чемпионатының финалистері қатаң уақыт шектеуі жағдайында жұмыс істеуге машықтанады. Бұл ортада қатысушылардың тек білімі ғана емес, төзімділігі, мәмілеге келу және командамен бірге ортақ шешім табу қабілеті де сынға түседі.
IOAI 2026 Жасанды интеллект жөніндегі халықаралық олимпиадасы ұйымдастырушылардың, ғылыми комитет пен қатысушылардың жұмысы арқылы кеңінен баяндалады. Түсірілім тобы жарыстың сахна сыртындағы сәттеріне үңіліп, тапсырмалардың қалай әзірленетінін көрсетеді, сондай-ақ көрерменді Қазақстан мен АҚШ құрамаларымен таныстырады. Финалдан кейін сұхбат берген қазақстандық жүлдегерлердің пікірінен жеңіс қуанышын, жіберіп алған мүмкіндіктерге деген өкініш пен осы жолда қолдау көрсеткен жандарға деген шынайы алғысты байқауға болады. Олимпиада қатысушыларының бірі келесі мақсатын да айқындап үлгерген: ол енді өзге оқушылардың жарысқа дайындалуына көмектеспек.
Технологиялық қоғамдастықтың дамуына қажетті сабақтастық дәл осындай шешімдерден көрініс табады. Кеше ғана өзгеден тәлім алған жастар бүгін өз білімімен бөлісе бастайды. Жарыстағы таныстық уақыт өте келе кәсіби байланыстарға, бірлескен зерттеулер мен жаңа стартаптарға ұласады. Фильм кейіпкерлері компаниялардың олимпиадалық тәжірибені неліктен жоғары бағалайтынын және күрделі мәселелерді шешу дағдысының төл өнімдерді жасап шығаруға қалай көмектесетінін түсіндіреді.
Жасанды интеллект қарыштап дамып жатқан кезеңде авторлар мамандықтың болашағы туралы мәселені де ортаға салады. Нейрожелі код жазуды меңгерген заманда бағдарламалауды оқып-үйренудің қажеттілігі қанша? Кейіпкерлер іргелі білімнің, инженерлік ойлау мен технологиялардың жұмыс нәтижесін сауатты бағалай білу қабілетінің құндылығы туралы ой қозғайды. Қандай да бір құралды меңгеру — тек бастапқы қадам; ал одан әрі кәсіби тұрғыда өсу үшін терең түсінік, дербестік және өз шешімдеріне жауапкершілікпен қарау талап етіледі.
Осындай жекелеген оқиғалар тоғыса келе, тұтас бір елдің зияткерлік әлеуетінің қалай қалыптасып жатқаны туралы баянға ұласады. Жасөспірімнің қызықты іс табуы, ересек адамның жаңа мамандық игеруі, ал жас команданың әлемге танылуы — барлығы ортақ ілгерілеудің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Фильм адами капиталға құйылған инвестицияның неліктен уақытты қажет ететінін және оның нәтижесі өзгелерді оқытып, жаңа компаниялар құратын, сол арқылы бұрынғыдан да күрделі мақсаттар қоя білетін тұлғалардың бойынан қалай көрініс табатынын көрсетеді.
Аталмыш туынды Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің қолдауымен IT, жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерліктің дамуына арналған деректі фильмдер топтамасы аясында nFactorial тарапынан әзірленді.