Open Day-ге шамамен 80 IT-компания мен стартап, сондай-ақ жоба негізін қалаушылар, әзірлеушілер және технологиялық саланы дамытуға қызығушылық танытқан мамандар қатысты. Олар Astana Hub экожүйесіне қалай қосылуға болатынын біліп, оның стартапты дамыту мен ауқымдауға қандай мүмкіндіктер ұсынатынын тәжірибеде көрді.
«Astana Hub ресурстары еліміздің барлық өңіріндегі IT-командаларға қолжетімді. Мұнда стартапқа серпін беретін білім беру және акселерациялық бағдарламалар, жоба аясын кеңейтетін құралдар мен жаһандық нарыққа шығу тетіктері бар. Бүгін осы мүмкіндіктерді таныстыру үшін Шымкентте жиналдық. Кездесу барысында командалармен тікелей жұмыс істеп, жобаларды талқылап, Astana Hub қатысушысы болу жолдарын түсіндірдік. Басты міндетіміз – IT-бизнесті ілгерілетуге жағдай жасау және инновациялық жобалардың еліміздің барлық өңірінде өркендеуіне негіз қалау», – деді Astana Hub басқарушы директоры Назгүл Байтемирова.
Open Day барысында қатысушылар кластер мүмкіндіктерімен танысып қана қоймай, Astana Hub командасымен тікелей жұмыс істеді: өз жобаларын талқылап, сұрақтарына жауап алып, әрі қарай дамытуға қатысты ұсынымдар алды. Сонымен қатар қолдау құралдарына ерекше назар аударылды – түрлі бағдарламалар, салықтық жеңілдіктер, кәсіби қауымдастық мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді.
Іс-шарада сәтті жүзеге асқан стартаптардың жеке тәжірибесіне басымдық берілді. Мәселен, Aleem стартапының бас директоры Бердібек Сапарбеков тіл үйренуге арналған платформаны дамыту жолын таныстырып, команданың қалыптасу кезеңі, бастапқы қателіктер, жылдам итерациялардың маңызы және пайдаланушыға қажет нақты құндылықты айқындау туралы айтты. Оның сөзінше, мұндай тәсіл жобаның нарықта көш бастауына ықпал етеді. Сонымен қатар АҚШ-тағы Suno Software компаниясының жетекші әзірлеушісі, AI’preneurs бағдарламасының түлегі Олег Тропынин IT саласындағы кәсіби қалыптасу жолы мен Astana Hub экожүйесінің халықаралық деңгейге шығуға қалай ықпал еткенін баяндады. Ол салаға келу тәжірибесін және жаһандық нарыққа бағытталған өнімдермен жұмыс істеудің ерекшеліктеріне тоқталды.
Кездесу аясында IT-командалар Astana Hub қатысушысы ретінде тіркелу үшін өтінімдер тапсырды, трекерлермен, менторлармен және әлеуетті инвесторлармен іскерлік байланыстар орнату мүмкіндігін алды.
IT-экожүйені дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Кәсіпкерлерді қолдау жаңа серпін беріп, технологиялық жобалардың іске қосылуына жол ашады және Қазақстанның жаһандық цифрлық экономикадағы орнын нығайтады. Astana Hub желісінің кеңеюі кадр даярлауға, стартаптардың қалыптасуына және IT-қызметтер экспортының артуына септігін тигізеді.