Call2action.ai жүк тасымалы саласындағы жүргізушілерді жалдау үдерісін автоматтандырады. Бұл салада бос орындарды тез жабу бизнес кірісіне тікелей әсер етеді: әрбір жабылмаған вакансия техниканың тұрып қалуы және тасымалдаушы үшін қаржылық шығынға ұласады. Платформа жалдаудың толық циклін қамтиды – кандидаттарды іздеуден бастап, сұхбат жүргізу, бағалау және қызметкердің жұмысқа шығуына дейін. Шешімнің негізгі элементі жасанды интеллектіге негізделген рекрутер-агент: ол кандидаттармен алғашқы сұхбатты дербес жүргізіп, белгіленген критерийлер бойынша тексеру жасап, нәтижесін HR-командаға ұсынады.
«Call2action.ai компаниясының АҚШ нарығы мен трак-индустрияға қатысты стратегиялық фокусы AlchemistX акселераторына қатысу барысында қалыптасты. Сала өкілдерімен қарым-қатынас және нарықты талдау кезінде мәселенің ауқымын анық көрдік: АҚШ-тағы жүк тасымалы индустриясының көлемі $1,3 трлн-ға бағаланады, ал кейбір сегменттерде жүргізушілердің жылдық ауысымдылығы 100%-дан асады. Бұл бастапқы жалдау кезеңін автоматтандыру тасымалдаушыларға нақты әрі өлшенетін нәтиже бере алатынын көрсетті. Алғашқы коммерциялық сұранысты іске қосылған сәттен кейін бірден алдық, яғни жолданған шот келесі күні төленді. Бұл шешімнің өзектілігін біз үшін нақты растау болды», – деді Call2action.ai негізін қалаушы әрі бас директоры Ерсұлтан Жүнісақынов.
Алғашқы енгізу нәтижелері бойынша клиенттер нақты әсерді атап өтуде: жүргізушілерді жалдау уақыты 3 есеге қысқарып, HR-командалардың бұрын қолмен скрининг пен бастапқы қоңырауларға жұмсалатын уақыты 60–70%-ға дейін үнемделді. Сонымен қатар кандидаттардың конверсиясы артып отыр, себебі сұхбат бірден өткізіледі және компаниялар шешімді жылдам қабылдап, әлеуетті қызметкерлерді күту кезеңінде жоғалтпайды.
2025 жылдың қазан айында стартап $500 000 көлемінде инвестиция тартты. Оның $200 000-ын MOST Ventures қоры салса, қалған сома АҚШ-тағы жеке бизнес-періштелерден алынған. Тартылған қаражат өнімді дамытуға, команданы кеңейтуге және АҚШ нарығындағы сатуды күшейтуге бағытталды.
АҚШ нарығына басымдық бермес бұрын, команда өнімді Қазақстанда және Орталық Азия елдерінде сынақтан өткізіп, алғашқы гипотезалар мен клиенттерден кері байланыс алды. Бүгінде Call2action.ai жүк тасымалы индустриясы үшін ең ауқымды әрі масштабталатын бағыт ретінде АҚШ нарығына шоғырланып, ірі тасымалдаушылардың қажеттіліктеріне сай платформаның функционалын кеңейтуді, коммерциялық клиенттер санын арттыруды, серіктестіктерді күшейтуді және салалық іс-шараларға қатысуды жоспарлап отыр. Компанияның ұзақ мерзімді мақсаты – логистика және оған іргелес салаларда жоғары көлемді жалдау үшін жаһандық AI-платформа құру.
Анықтама үшін:
AlchemistX – Alchemist Accelerator акселераторының Орталық Еуразияға арналған арнайы бағдарламасы. Alchemist Accelerator — АҚШ-тағы жетекші B2B-акселераторлардың бірі. Бағдарлама стартаптарға product-market fit кезеңінен масштабталатын бизнес-модель мен тиімді Go-to-Market стратегиясын құруға дейінгі жолдан өтуге көмектеседі. Бағдарлама Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Өзбекстан Республикасының Цифрлық технологиялар министрлігі, Astana Hub, Astana Hub Ventures, IT Park Uzbekistan және IT Park Ventures қолдауымен жүзеге асырылады.