Қазақстанның инновациялық оазисі: IT-таланттар Кремний алқабын бағындыруда
Қазақстан – Орталық Азияның ең ірі экономикасы, өңірлік ЖІӨ-нің 61%-дан астамын құрайды. Бай тарихи мұрасы мен заманауи жетістіктері бар ел IT-компаниялар үшін қолайлы орта қалыптастырып келеді.
Astana Hub халықаралық технопаркі Қазақстан IT-экожүйесінің флагманы саналады. Астанада орналасқан бұл технопарк стартаптарды дамыту үшін ерекше жағдай жасап, қазақстандық жобалардың жаһандық нарыққа, оның ішінде Кремний алқабына шығуына қолдау көрсетеді.
«Astana Hub миссиясы – Қазақстанның технологиялық секторын әлемдік деңгейге шығару, инновациялар мен экономикалық өсім үшін нақты мүмкіндіктер ұсыну. Біз стартаптарды қолдаумен ғана шектелмейміз, Қазақстанды Орталық Азия мен әлем арасындағы көпірге айналдыруды мақсат етеміз. Сонымен қатар жергілікті таланттарға халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береміз. Біздің қолдау оқыту мен қаржыландырудан бастап, шетелдік акселерациялық бағдарламаларға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды», – деді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Мақаланың толық нұсқасын сілтеме арқылы оқыңыз.
Сурет: startupgenome.com
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Rassul Sharimov · Жел. 1, 2024 09:12
👍