10 стартап Unicorn Battle Asia байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болу үшін күресті

Төрешілердің онлайн дауыс беруінің нәтижесі бойынша облыстық батлдың жеңімпазы болып Алматының iDos Games стартап жобасы атаңды.


"Біз Play-to-Earn моделі бойынша жұмыс істейтін, әлемдегі алғашқы бір уақытта көп пайдаланушы қолдана алатын ShootGun шутерін ойлап таптық, ол геймерлерге бір мезгілде ойнап және ойын жетістіктері үшін криптовалюта табуға мүмкіндік береді", - деді iDos Games-тің бас әзірлеушісі Айдос Рыскелдинов.

Unicorn Pitches Central Asia – бұл Startup network ұйымдастырған Unicorn Events іс-шаралары аясында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстанның үздік 10 стартаптары келесі кезеңге өту мүмкіндігі үшін бәсекеге түскен платформа. Байқау 11 қарашада IT-Park Uzbekistan қолдауымен Astana Hub халықаралық технопаркінің онлайн алаңында өтті.

Unicorn Events – әлемнің түкпір-түкпірінен келетін болашақ «жалғыз мүйіздерге» арналған ең ірі халықаралық жарыстардың бірі.

Unicorn Pitches аймақтық кезеңіне Cerebra, Avlo, Parqour, IMAN, BILLZ, E-knot, iDos Games, Jurta Proptech, Connected Home және OQUDA сияқты стартаптар іріктелді.

Қатысушылардың презентацияларын сарапшы қазылар алқасы бағалады, оның құрамына Startup Finland ресейлік-финдік стартап акселераторының негізін қалаушысы Сергей Сергеев; iClub періште инвесторлар клубының директоры Оксана Раим; Esentai Venture Partners серіктестігінің тең құрушысы Шәміс Хасенов; Venture Rocket Eurasia бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Ажар Бабаева және Қазақстан мен Ресейдің басқа да ірі инвесторлары мен бизнес-періштелері кірді.

«Unicorn Pitches Central Asia-ға іріктелген үздік 10 стартаптың қатарында болу керемет құрмет. Қатысушылардың барлығы өте күшті және шын мәнінде пайдалы өнімдерді ұсынды. Жобамыздың жеңіске жететініне сенімді болғаныма қарамастан, жетекшіден «the winner is iDos Games» дегенді есту өте жағымды болды. Барлық қатысушыларға, қазылар алқасына, әсіресе, осындай іс-шараны ұйымдастырған Astana Hub компаниясына рахмет! Ал біз Unicorn Battle Asia ойынына дайындала бастаймыз», - деп өз әсерімен бөлісті iDos Games жобасының негізін қалаушысы Темерлан Қайыржанов.

Unicorn Battle Asia кезеңінде үздік атанатын стартап өзінің жобасын Unicorn Cup финалында ұсынатын болады, онда ол инвестиция тартуға және әлемдегі үздік бизнес-періштелер мен венчурлық қорлардың кеңестерін тыңдауға мүмкіндікке ие болады.

Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.

Пікірлер 1

Кіру пікір қалдыру үшін

Что то про эту игру которую якобы создали казахстанские стартаперы нигде и не слышно. Наверное как это давно заведено в кз чисто бабки грантовские отмыли. Нет в плей маркете никакого ShootGun, да и вообще никакой информации что было. Докажите обратное??

Жауап беру