SHAI командасы Google мен фармацевтикалық алпауыт GSK құрған бірлескен кәсіпорын – Galvani-мен келісімшарт жасасты

Astana Hub қатысушысы – SHAI стартапы Alphabet пен фармацевтикалық корпорация GSK-ның бірлескен кәсіпорны Galvani Bioelectronics Limited-пен келісімшартқа отырды. Бұл бастама SHAI-ға Ұлыбритания мен АҚШ нарығына шығуға мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау және жоғары технологиялық салаларда инновациялық AI-шешімдерді енгізуге жол ашты.


Galvani-мен әріптестік SHAI компаниясына биотехнология мен медицина саласындағы әлемдік көшбасшылармен жұмыс істеу мүмкіндігін ұсынып, олардың шешімдерін ауқымдауға және интеграциялауға ықпал етті. Бұл ынтымақтастық стартап үшін маңызды кезең болмақ әрі халықаралық корпорациялармен жаңа деңгейдегі серіктестікке серпін береді.

Стартаптың негізгі бағыты – жасанды интеллект көмегімен ашықтықты қамтамасыз ету, тиімділікті арттыру және шешім қабылдау үдерісін жеделдету. Келісімшарт аясында Galvani SHAI-дың негізгі өнімдерінің бірі – Compliance AI шешімін қолданады. Бұл өнім тәуекелдерді азайтып, бизнес-процестерді жеделдетеді және деректердің сыртқа шығуына жол бермейтін жабық корпоративтік ортада жұмыс істейді.

«Бұл келісім – даму жолындағы іргелі қадам ғана емес, технологиямыздың жаһандық деңгейде мойындалуының дәлелі. Келіссөздер бірнеше аптаға созылып, деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығына қойылатын талаптарды мұқият пысықтауды қажет етті. Медицина саласында бұл – аса маңызды мәселе. Біз осындай алпауыттарды шешімдеріміздің құндылығына сендіре алғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл жоба халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен өнімдерімізді жаңа нарықтарға шығаруға берік негіз болады деп сенемін», – деді Әлібек Полатов, SHAI компаниясының бас директоры әрі негізін тең қалаушы.

SHAI корпоративтік AI-ассистенттерді әзірлеуге маманданған. Олар компаниялардың ішкі деректері негізінде оқытылып, денсаулық сақтау мен фармацевтикадан бастап биотехнология мен өнеркәсіпке дейінгі түрлі салаларда маңызды міндеттерді шешуге және интеллектуалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. 2024 жылдың соңынан бері команда Қазақстанда және шет елдерде квазимемлекеттік, өнеркәсіп және білім беру салаларында 10-нан астам жобаны сәтті жүзеге асырды.

Айта кету керек, SHAI өз шешімдерінің енгізілуін барлық кезеңде сүйемелдейді: команда қызметкерлерді интеллектуал агенттермен жұмыс істеуге үйретіп, жүйемен тиімді өзара әрекет орнатуға көмектеседі. Платформа жабық корпоративтік ортада жұмыс істейді, клиенттің бизнес-мақсаттарына дәл бейімделіп, тек тексерілген ішкі деректерді қолданатындықтан, «галлюцинация» тәуекелін болдырмайды.

Пікірлер 7

Кіру пікір қалдыру үшін

THE BEST WAY TO RECOVER YOUR LOST FUNDS // CONTACT THE HACK ANGELS You can recover bitcoin and other cryptocurrency with the help of THE HACK ANGELS. Some people may be indebted but naturally you can. I was a victim of losing login to my Bitcoin wallet, at the end I became victorious. These people are amazing and extremely professional! I contacted them when I lost the login to my Bitcoin wallet. It took them 48 hours to recover my Bitcoin Wallet because I didn't have the complete information. They have assisted numerous clients in getting their bitcoin back, they are a team which specializes in recovering a wide range of digital assets including Ethereum, stable coins, and other various cryptocurrencies. I highly recommend their services to anyone out there. Email: support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com WhatsApp +1(520)200-2320 I hope this information reaches someone truly in need of it.

Жауап беру

Поздравляю

Жауап беру

Супер!

Жауап беру

Весьма интересно! надеюсь услышать вас в Европе!

Жауап беру