Астанада AI Month аясында HackAlem AI жасанды интеллект хакатоны қатысушылар саны бойынша GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордын орнатты.
HackAlem AI 2025 жылғы 21 желтоқсанда Үндістанның Хайдарабад қаласында тіркелген әлемдік рекордтан асып түсті. Ол кезде Google for Developers және Google Developer Groups Hyderabad ұйымдастырған хакатон 2 089 қатысушының басын қосқан болатын.
«Хакатон басталмас бұрын мен бұл рекордтың қазірдің өзінде бар екенін айтқан едім. Оны өткен жылдың желтоқсан айында Үндістанда Google компаниясы тіркеген болатын, ол кездегі көрсеткіш 2 089 қатысушыға жеткен еді. Менің міндетім – іс-шараның өту барысын бақылап, стюардтармен және тәуелсіз куәгерлермен бірлесе отырып, Guinness World Records-тың барлық талабы сақталғанына көз жеткізу болды. Біз хакатонға нақты қатысқан, қажетті шарттарды толық орындаған және белгіленген уақыт бойы алаңда болған адамдарды ғана есепке алдық. Барлық мәліметтер мен қатысушылардың жұмыстарын тексеріп шыққаннан кейін ресми түрде мәлімдеймін: HackAlem AI көрсеткіші 2 415 адамға жетті. Сіздер Guinness World Records-тың жаңа әлемдік рекордын тіркедіңіздер!» — деп мәлімдеді GUINNESS WORLD RECORD ресми төрешісі Гленн Поллард.
«GUINNESS WORLD RECORDS әлемдік рекордының тіркелуі — Қазақстанның бүкіл технологиялық қоғамдастығының ортақ жетістігі әрі еліміздің зор әлеуетінің айқын дәлелі. HackAlem AI озық технологияларды қолдана отырып, экономиканың нақты міндеттерін шешу жолында тер төккен мыңдаған дарынды әзірлеушінің, студенттер мен жас мамандардың басын қосты. Біз үшін осы алаңда жасалған жобалардың жай ғана идея немесе прототип күйінде қалмай, әрі қарай дамуы — яғни пилоттық сынақтан өтіп, өмірге енгізілуі өте маңызды. Бұл нәтиже Қазақстанның жаһандық технологиялық күн тәртібіне араласып қана қоймай, оны тікелей қалыптастыруға да қауқарлы екенін көрсетеді. HackAlem AI Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп жатқан AI Month шеңберінде ұйымдастырылды», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.
Қатысушылар энергетика, қаржы, басқару, телекоммуникация, логистика, креативті индустриялар, білім беру, инновация, коммуникация және сауда сынды он бағыт бойынша жобалар әзірледі. Сондай-ақ оларға жалпы құны 1,5 миллион долларға дейін жететін OpenAI, NVIDIA және Arizona State University-дің технологиялық әрі білім беру ресурстарын пайдалану мүмкіндігі берілді.
Әлемдік рекордты тіркеу барысында GUINNESS WORLD RECORDS талаптары қатаң сақталды. Қатысушылар тіркеуден және жеке басын куәландыру рәсімінен өтті. Олардың алаңға кіріп-шығуы дербес бейдждерді сканерлеу арқылы тіркеліп отырды, ал әр сектордағы ережелердің сақталуын стюардтар қадағалады. Қорытынды көрсеткішке тек қойылған талаптарды толық орындаған және хакатон барысында жобаларды әзірлеуге тікелей атсалысқан қатысушылар ғана енгізілді.
«Бүгін Қазақстан Guinness World Records әлемдік рекордын тіркеді және бұл жетістіктің артында ең алдымен адамдар – біздің жас әзірлеушілеріміз, студенттеріміз бен AI-энтузиастарымыз тұр. Мыңдаған қатысушы бірнеше сағат ішінде өз идеяларын нақты AI шешімдеріне айналдыру үшін Астанада бас қосты. Біз үшін бұл рекорд – HackAlem AI ауқымының көрсеткіші ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда және жалпы өңірде мықты технологиялық қоғамдастық пен дарындылардың жаңа буыны қалыптасқанының айқын дәлелі. Біз олардың идеялары бәсекеге қабілетті өнімге айналып, әлемдік нарыққа шығуы үшін барынша мүмкіндіктер жасауға, жаһандық технологияларға, терең білім мен серіктестікке жол ашуға ұмтыламыз. HackAlem AI – Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылының жарқын оқиғасына айналды», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.
HackAlem AI жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, киберқауіпсіздік және технологиялық құзыреттерді дамытуға арналған іс-шаралар легі – AI Month айлығына бастау берді. Аталған бағдарлама Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында, сондай-ақ AI & Digital Bridge 2026 халықаралық технологиялық форумы қарсаңында ұйымдастырылып отыр.
HackAlem AI ұйымдастырушылары мен серіктестері: Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері, Silkroad Innovation Hub, Blockchain & AI Technology Center (BAITC), AI & Digital Bridge, OpenAI, NVIDIA, Arizona State University, Palo Alto Networks, MSSP.GLOBAL және «Романовский продукт».
HackAlem AI демеушілері: «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, Freedom Holding Corp., «Kaspi.kz» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (Halyk Bank), Firebird Inc. және Beeline Қазақстан.