Өтінімдерді 30 сәуірге дейін сілтеме арқылы жолдауға болады.
Хакатон барысында қатысушылар AlemPlus платформасының негізінде инновациялық AI-шешімдер әзірлейді. Бұл платформа LLM модельдеріне, дерек қорларына, No-Code және Low-Code құралдарына, файл сақтау жүйесіне және өнімдерді іске қосуға арналған инфрақұрылымға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қатысушылар қаржы, логистика, ауыл шаруашылығы, киберқауіпсіздік, туризм және геймдев сияқты бағыттарда нақты өмірде қолдануға болатын MVP шешімдерін жасап, оларды сарапшылар алқасына ұсынады.
Хакатонның жалпы жүлде қоры $18 000, оның ішінде бас жүлде $10 000 құрайды. Үздік командалар ақшалай сыйлықпен қатар, өз жобаларын alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығының сахнасында таныстыруға және акселерациялық бағдарламалар мен пилоттық бастамалар аясында дамытуға мүмкіндік алады.
«AlemPlus Hackathon – өңірде AI-құралдармен жұмыс істеудің жаңа деңгейін қалыптастыратын алғашқы хакатон. Бар болғаны 48 сағат ішінде командалар нақты бизнес міндеттерге арналған AI-шешімдер жасап, жұмыс істейтін MVP өнімдерін ұсынады. Біздің мақсат – таланттарды анықтау ғана емес, сондай-ақ нарыққа шығуға дайын өнімдерді іске қосу және Орталық Азияның жаһандық AI индустриясындағы орнын нығайту. Біз Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстаннан командалардың қатысуын күтеміз және бұл хакатонды мықты технологиялық командаларды қалыптастыру мен қолданбалы шешімдерді жедел дамыту құралы ретінде қарастырамыз», – деді Astana Hub басқарушы директоры Жанерке Егеубаева.
Хакатон аралас форматта өтеді: қатысушылар Astana Hub алаңына келіп офлайн қатыса алады немесе әлемнің кез келген нүктесінен онлайн қосыла алады. Қатысу форматы жобаларды бағалауға әсер етпейді – барлық командалар тең жағдайда, тек әзірленген шешімдердің сапасына қарай бағаланады.
Офлайн қатысушыларға Astana Hub аумағындағы Startup House-та тұруға 30 орын бөлінген. Орын саны шектеулі болғандықтан, офлайн форматқа қатысу өтінімдерді іріктеу нәтижесінде жүзеге асырылады. Қатысушылар хакатон бойы сол жерде тұрып, жұмыс кеңістігіне, инфрақұрылымға, тамақтануға және тұрақты сараптамалық қолдауға қол жеткізеді. Мұндай формат толықтай жобаға ден қоюға мүмкіндік береді: қатысушылар бірге тұрып, бірге жұмыс істейді, басқа командалармен, кәсіпкерлермен және менторлармен күн сайын байланыс орнатып, кәсіби байланыстарын нығайтады.
Хакатонның финалдық кезеңі 22 мамыр күні Астанадағы alem.ai алаңында Demo Day форматында өтеді. Онда үздік командалар өз жобаларын қазылар алқасына ұсынып, жүлделі орындарға таласады. AlemPlus Hackathon іс-шарасын Astana Hub Еуразиялық даму банкінің Цифрлық бастамалар қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Хакатон туралы толық ақпарат алып, қатысуға өтінім беру үшін сілтеме арқылы өтіңіз.