6 қарашада Astana Hub құрылғанына 8 жыл толуын атап өтеді. Осы уақыт ішінде кластер стартаптар, инвесторлар және технологиялық компаниялар үшін ауқымды экожүйе қалыптастырып, Қазақстан мен Орталық Еуразияның IT және AI индустриясын дамытудың басты орталығына айналды. Мемлекет басшысының, Үкіметтің және Қазақстанның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен технологиялық кәсіпкерлікті қарқынды дамытуға, инвестиция тартуға және еліміздің жаһандық инновациялық экожүйеге интеграциялануына толық жағдай жасалды.
«Бүгінде Astana Hub – 2 700 компанияны, оның ішінде шетелдік үлесі бар 560 кәсіпорынды біріктіретін толыққанды технологиялық экожүйе. Ол идеялардың нақты өнімге айналуына, стартаптардың халықаралық деңгейдегі компания болып қалыптасуына, ал таланттардың өз әлеуетін толық іске асыруына барлық жағдайды жасап отыр. 2019 жылдан бері экожүйе қатысушыларының жиынтық табысы 6,7 млрд долларға жетсе, IT қызметтер экспорты 2,4 млрд долларды құрады, ал стартаптар 2 млрд доллардан астам инвестиция тартты. Бұл көрсеткіштердің артында кәсіпкерлікті, технологиялар мен адами капиталды дамытуға бағытталған жүйелі жұмыс тұр. Біз технологиялардың экономикалық өсім драйверіне, ал қазақстандық компаниялардың жаһандық технологиялық нарықтың бір бөлігіне айналуына қолайлы орта қалыптастырып жатырмыз. Дегенмен, біздің басты жетістігіміз экожүйенің ауқымымен немесе экономикалық көрсеткіштермен ғана емес, ең алдымен еліміздің цифрлық экономикасының негізіне айналған адамдармен, компаниялармен және технологиялармен өлшенеді», — деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мадиев.

Astana Hub технологиялық экожүйені еліміздің барлық өңірінде жүйелі түрде дамытып келеді. Бүгінде кластер жергілікті қауымдастықтарды дамыту, жаңа IT мамандарды даярлау және технологиялық кәсіпкерлікті қолдау орталықтарына айналған 20 өңірлік IT-хабты біріктіреді. Өңірлік хабтар ашылғалы бері 5 200-ден астам іс-шара өткізіліп, оған 80 000 адам қатысты, сондай-ақ 700 стартап көпшілікке таныстырылды. Сонымен қатар, аймақтардағы кәсіпкерлік бастамаларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және инновациялық шешімдерді енгізуге бағытталған Startup Orda, G-Ton және Smart City Accelerator бағдарламалары іске асырылып жатыр.
Шымкенттегі Digital Qazaqstan ұлттық форумы, Астанада өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы және Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған GITEX AI Kazakhstan технологиялық жылдың басты оқиғаларына айналды. Бұл іс-шаралар халықаралық ынтымақтастық пен кәсіпкерлікті дамытуға, инвестиция тартуға ықпал етіп, Қазақстанның Еуразиялық технологиялық және AI-хаб ретіндегі тұғырын нығайта түсті.

Сонымен қатар, 2026 жылдың тағы бір айтулы оқиғасы – HackAlem AI болды. NVIDIA және OpenAI жаһандық технологиялық серіктестерінің қатысуымен өткен әлемдегі ең ірі AI-хакатон 2 415 қатысушының басын қосып, Гиннесс рекордын орнатты.

Astana Hub әртүрлі жастағы және дайындық деңгейіндегі азаматтарға білім беру мүмкіндіктерін ұсына отырып, жаңа буын IT мамандарын даярлауға және цифрлық құзыреттерді дамытуға белсенді үлес қосып келеді. TUMO Astana креативті технологиялар орталығында 2 430 жасөспірім білім алуда. 12 мен 18 жас аралығындағы қатысушылар бағдарламалау, робототехника, ойын әзірлеу, генеративті жасанды интеллект, киноөндіріс және тағы басқа 11 цифрлық әрі креативті бағытты меңгеріп жатыр.

Келесі маңызды қадам – IT саласына кәсіби кадрлар даярлау. Astana Hub базасында жүзеге асырылып жатқан және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған Tech Orda бағдарламасы аясында 133 IT-мектептен 11 410 маман даярланып шықты. Бағдарлама деректеріне сүйенсек, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 90%-ға жеткен. Бұл жоба қатысушыларға жаңа мамандық меңгеруге, ал компанияларға нарықта сұранысқа ие дағдылары бар білікті мамандарды жұмысқа тартуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Astana Hub экожүйесі мен alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығында Alem.ai Foundation жүзеге асырып жатқан Қазақстандағы алғашқы peer-to-peer жасанды интеллект мектебі – Tomorrow School да қатар дамып келеді. Бүгінде мектепте 481 студент білім алуда, ал екі жыл ішінде елордалық кампусқа 24 мыңнан астам өтінім түскен. 2026 жылы Tomorrow School дамудың жаңа кезеңіне аяқ басып, өз желісін Қазақстанның 14 қаласына дейін кеңейтті. Бұл жастарға туған өңірінен ұзамай-ақ нарықта сұранысқа ие технологиялық бағыттарды меңгеруге және заманауи AI-білім алуға мүмкіндік береді. Оған қоса, 80-нен астам студент бағдарламаны толық аяқтамай тұрып-ақ IT саласында жұмысқа орналасып үлгерді.

Жасанды интеллект және машиналық оқыту саласындағы таланттарды тереңдетіп даярлау мақсатында ML School Kazakhstan іске қосылды. Яндекс Деректерді талдау мектебінің академиялық сараптамасына негізделген екі жылдық тегін бағдарлама жоғары білікті ML мамандары мен зерттеушілерін даярлауға бағытталған. Алғашқы лекке 822 өтінім түсіп, оның ішінен 32 қатысушы оқуға қабылданды.
Жалпы қауымның заманауи цифрлық білім мен құралдарға қол жеткізуіне жол ашатын edu.astanahub.com онлайн-платформасы Astana Hub-тың білім беру экожүйесін толықтыра түседі. Платформада іске қосылған Data Engineering, Prompt Engineering, No Code/Low Code School курстары мен өзге де оқу бағдарламалары осы күнге дейін ондаған мың қазақстандықтың заманауи цифрлық мамандықтар мен құралдарды меңгеруіне септігін тигізді.
Ғылым, жасанды интеллект және технологиялық кәсіпкерлік тоғысындағы таланттарды қолдауға айрықша көңіл бөлініп отыр. Осы бағытта таланттарға ерте бастан инвестиция құятын әрі технологиялық компаниялардың, оның ішінде әлеуетті «юникорн» компаниялардың болашақ негізін қалаушыларын (фаундерлерін) даярлауға бағытталған Alem AI Talent Lab бағдарламасы іске қосылды.
Экожүйенің қарқынды дамуы ауқымды акселерациялық бағдарламалардың арқасында жүзеге асты. Google for Startups-пен бірлесіп құрылған Silkway Accelerator халықаралық бағдарламасы осы уақытқа дейін 83 табысты стартапты даярлап шығарды. Startup Garage инкубациялық бағдарламасы бастапқы кезеңдегі 1400-ден астам жобаға қолдау көрсетіп, оның 428-і оқуды сәтті аяқтап шықты. Ал AI-стартаптар құруға арналған AI’preneurs халықаралық флагмандық бағдарламасы бүгінде 125 түлек пен 51 стартап-жобаны қамтиды. Олардың жиынтық сатылымы 618 мың доллардан асып, тартылған инвестиция көлемі 400 мың долларға жетті.
Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп Astana Innovations Accelerator бағдарламасы іске қосылды. Бұл жоба елорда тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған озық технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында стартаптардың басын біріктіреді. Биыл бағдарламаға 354 өтінім түсіп, оның қорытындысы бойынша 17 жоба Астана қаласының мектептерінде, медицина мекемелерінде, коммуналдық кәсіпорындарында, көлік қызметтері мен ТЖД бөлімшелерінде іске қосылды.
Сондай-ақ, 2026 жылы Astana Hub Алматы қаласының әкімдігімен бірлесіп, Almaty Hub базасында стартаптардың Орталық Азия нарығына шығуына қолдау көрсетуге бағытталған Central Eurasian Market Entry акселерациялық бағдарламасын бастады. Бағдарламаға қатысуға 14 елден 132 өтінім түсті. Іріктеу қорытындысы бойынша аймақ нарығында өз бизнесін кеңейтуге дайындықтан өту үшін 13 стартап бағдарламаға қабылданды.

Қазақстан Президентінің тапсырмасымен құрылған alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығы әлемнің түкпір-түкпірінен дарындарды, зерттеушілер мен жаһандық AI-қауымдастық өкілдерін өзіне тартатын бірегей кеңістікке айналды. Орталық білім алмасуға, әлеуетті арттыруға және жасанды интеллект саласындағы көшбасшылардың жаңа буынын даярлауға бағытталған халықаралық ортаны қалыптастырып отыр.

2026 жылы бұл алаңда ICPC әлемдік финалына дайындық аясында Солтүстік Еуразия елдерінің спорттық бағдарламалаудан ең мықты 20 студенттік командасының басын қосқан Northern Eurasia Camp халықаралық оқу-жаттығу жиыны өтті. Қатысушы командалардың басым бөлігі – ICPC World Finals 2026 әлем чемпионатының финалистері. Олар Дубайда өтетін алдағы финалға осы орталықта қарқынды дайындықтан өтті.

NVIDIA компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуангтың Астанаға алғашқы сапары alem.ai орталығына халықаралық деңгейде айрықша назар аудартты. Орталыққа арнайы келген ол Қазақстанның AI-экожүйесінің даму барысымен танысты.

Сонымен қатар Astana Hub қолданбалы индустриялық мәселелерді шешу мақсатында компаниялар, мемлекеттік органдар мен IT-командалардың басын біріктіретін технологиялық міндеттер платформасын дамытып келеді. 2026 жылы бұл платформада 385 тапсырма жарияланып, оларды шешу бойынша 3 мыңнан астам ұсыныс түскен. Мұндай формат кәсіпорындарға өндірісті автоматтандыру, қауіпсіздікті арттыру және басқару жүйесін жетілдіру үшін қажетті әзірлеушілерді табуға, ал IT-компанияларға нақты сұранысқа сай өнім жасап шығаруға мүмкіндік береді.
Astana Hub салалық серіктестермен бірлесе отырып, MedTech, GameDev, AgriTech және Robotics/Physical AI бағыттары бойынша технологиялық орталықтарды дамытып келеді. Сонымен қатар стартаптарды қолдау мақсатында GameDev саласындағы Gamepreneurs, сондай-ақ Hardware/Robotics және Cybersecurity бағыттарындағы Tech Incubator бағдарламалары іске қосылды.
Технологиялық стартаптарға инвестициялық қолдауды Astana Hub Ventures көрсетеді. Бүгінгі таңда қор портфелі тікелей инвестиция алған компаниялар мен Astana Hub экожүйесінің бағдарламалары аясында қаржыландырылған жобаларды қоса алғанда, 90-нан астам стартапты қамтиды. 2026 жылы қор инвестиция құйған стартаптардың қатарында Higgsfield, Mirai Tech, Perceptis, PanDev Metrics, Luwo, Admyra, Resti және Scano бар. Жобалар қаржыландырудан бөлек, сараптамалық қолдау мен серіктестік желіге қол жеткізеді. Бұл олардың өз өнімдері мен бизнесін дамытуына, кезекті инвестицияларды тартуына және халықаралық нарықтарға шығуына зор септігін тигізеді.
Сонымен қатар, Astana Hub-тың қолдауымен Alem Capital Management басқаратын, Қазақстан, Орталық Азия және Кавказ елдерінің венчурлық нарығына бағдарланған «қорлар қоры» құрылды. Оның басты міндеті – қазақстандық және өңірлік венчурлық басқарушыларға қолдау көрсету, сондай-ақ жергілікті негізін қалаушыларға әлемнің жетекші нарықтарындағы әріптестерімен бірдей деңгейдегі капиталға қол жеткізуіне жол ашу.
Халықаралық деңгейде дамуға дайын стартаптар үшін шетелде де арнайы акселерациялық бағдарламалар жұмыс істейді. Draper University-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан Hero Training, сондай-ақ Silkroad Innovation Hub, IT Park және IT Park Ventures серіктестігімен іске қосылған Alchemist Silkroad – Silicon Valley Residency бағдарламасы кәсіпкерлердің Америка нарығын зерделеп, халықаралық сарапшылармен тікелей жұмыс істеуіне жол ашады.
2026 жылы Astana Hub Astana Hub Ventures-пен бірлесе отырып, жетекші халықаралық акселераторлардың іріктеуінен өткен стартаптарға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталған Globalpreneurs бағдарламасын іске қосты. Қолдауға ие болғандардың қатарында: Bult.ai (MassChallenge, АҚШ), Resti (Antler MENAP Residency, Сауд Арабиясы), Cyberlabs (StartX, АҚШ), Admyra (Inception, Antler және EF, АҚШ) және Scano — Media Monitoring (ITU SEED Acceleration Program, Түркия) бар. Бұл бағдарлама қазақстандық стартаптарға халықаралық нарыққа шығуға, сараптамалық тәжірибе тартуға және өз бизнесін кеңейтуге қосымша жол ашады.
Бұған қоса, Astana Hub халықаралық инновациялық хабтар желісін дамытып келеді. Олардың қатарында АҚШ-тағы Silkroad Innovation Hub, БАӘ-дегі Tumar Innovation Hub, Қытайдағы Khan Tengri Innovation Hub, Малайзиядағы Big Sky Sea Hub және Ұлыбританиядағы Eurasia Growth Hub бар.
Trusted Kazakhstan тұжырымдамасы аясында халықаралық IT-мамандарды тартуға және жаһандық технологиялық қауымдастықпен байланысты нығайтуға бағытталған Digital Nomad Residency және Digital Nomad Visa бағдарламалары іске қосылды. Бағдарламалар іске қосылғалы бері 82 елден 2 200 өтінім түсті. Бұл жобалар тәжірибе алмасуға, жергілікті IT-командаларды дамытуға және Қазақстандағы технологиялық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктердің ашылуына ықпал етеді.
Astana Hub сегіз жыл ішінде бастама деңгейінен мыңдаған компанияның, кәсіпкердің, инвесторлар мен дарынды мамандардың басын қосқан ауқымды технологиялық экожүйеге айналды. Бүгінде бұл – жаңа идеялар дүниеге келіп, технологиялар жасалатын, жаңа нарықтар қалыптасып, Қазақстанның жаһандық технологиялық аренаға шығуына кең жол ашатын бірегей кеңістік.