Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «бір терезе» қағидаты бойынша шетелдік IT-мамандары үшін мемлекеттік қызметтерді алуды бастады.
Шетелдік IT-мамандар үшін мемлекеттік қызметтер енді АХҚО Экспат Орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін болады.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мен Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов АХҚО Экспат орталығына (АЭО) барды. Бүгіннен бастап Қазақстанға ұзақ мерзімге келетін IT-мамандар мемлекеттік қызметтерді ала алады. Атап айтқанда: жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) алу, мобильді азаматтар базасында тіркелу, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) беру, заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу, уақытша тұруды тіркеу, қазақстандық SIM картасын сатып алу және т.б.
«IT саласын дамыту біздің министрліктің басым бағыттарының бірі болып табылады. Президенттің нақты тапсырмалары бар – отандық ІТ-мамандарды қолдаудың тиімді шараларын әзірлеу және табысты халықаралық IT-компанияларды тартуға жәрдемдесу. АХҚО Экспат Орталығының базасында «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсету дәл осыған бағытталған», – деді Бағдат Мусин.
АЭО-да ХҚО, екінші деңгейлі банктер, көші-қон қызметінің қызметкерлері және басқа да мамандар жұмыс істейді. АЭО артықшылығы – уақытты үнемдеу, өйткені көрсетілетін қызметті алушы бір жерде барлық процедуралардан өте алады.
Мобильді азаматтар базасында тіркелудің арқасында шетелдік IT-маманы «Электрондық үкімет» порталы мен eGov мобильді қосымшасының қызметтерін өз бетінше пайдалана алады.
АЭО-да ұсынылатын қызметтердің толық тізімі https://astanahub.com/l/expatcenter платформасында қолжетімді болады.
Орталықтың жұмыс уақыты: күн сайын сағат 9-дан 18-ге дейін (сенбі және жексенбіден басқа), түскі ас 13-тен 14-ке дейін. Мекен-жайы: Мәңгілік Ел даңғылы 55/18, С 3.3 павильоны. Байланыс телефоны: +7 7172 79 97 77.
Анықтама:
Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция болып табылады. 2025 жылға дейінгі Даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап алаң ретінде шоғырлану болып табылады.
АХҚО Экспат Орталығы – шетелдік АХҚО қатысушыларының келуі және болуы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың қазақстандық қоғамға әлеуметтік интеграциялануын қамтамасыз ету үшін құрылған мамандандырылған көпфункционалды орталық. АЭО базасында шетелдіктер арасында негізгі және ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге, сондай-ақ ағылшын тілінде «бір терезе» қағидаты бойынша инфрақұрылымдық қызметтерге қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Astana Hub – IT-стартаптарға арналған халықаралық технопарк. Astana Hub миссиясы – стартап мәдениетін дамыту және ел экономикасын нығайту үшін инновациялық IT-жобаларды қолдау.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін