AI & Digital Bridge 2026: Өңірлердегі IT мамандарға арналған жаңа мүмкіндіктер талқыланды
«AI & Digital Bridge 2026» халықаралық технологиялық форумы аясында Қазақстан өңірлерінің цифрлық экожүйесін дамытуға, сондай-ақ заманауи технологияларға, цифрлық білімге және инновациялық инфрақұрылымға қол жеткізуге арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға қатысушылар өңірлік IT-хабтар мен білім беру бастамаларын өркендетуді, «Smart City» шешімдерін енгізуді және цифрлық жобалардың өрісін кеңейту жолдарын талқылады.
«Цифрлық экожүйені дамыту — тек инфрақұрылым құрумен шектелмейді. Бұл — кез келген қалада әрбір азаматтың білім алып, технологиялық шешімдер шығаруына және жеке жобаларын өркендетуіне жағдай жасайтын қолайлы орта қалыптастыру. Сол себепті біз үшін бүкіл ел көлемінде IT-хабтарды, білім беру бастамаларын және өңірлердегі нақты цифрлық жобаларды қатар дамыту аса маңызды. Өңірлік күн тәртібі бүкіл Қазақстанның технологиялық дамуының ажырамас бөлігіне айналуға тиіс», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Жолдас Саханов.
Өңірлік IT экожүйені дамыту және жас таланттарды қолдау мақсатында Astana Hub кешенді республикалық бағдарламалар мен бастамаларды жүзеге асырып келеді. Бұл жобалар технологиялық кәсіпкерлікті өркендетуге, цифрлық технологиялар саласында қолданбалы дағдыларды қалыптастыруға әрі стартап бастамаларды қолдауға бағытталған.
«2023 жылдан бері өңірлік IT-хабтар негізінде 5 700-ден астам іс-шара — шеберлік сабақтары, митаптар, хакатондар, воркшоптар, инкубациялық бағдарламалар мен Pizza Pitch ұйымдастырылып, оған 90 000-нан аса адам қатысты. Біз өңірлерде дарынды азаматтардың өз туған жерінен алыстамай-ақ сапалы білім алуына, пікірлестер табуына, технологиялық жобаларды іске қосып, кәсіби қызмет жолын табысты құруына мүмкіндік беретін қолайлы орта қалыптастырып келеміз. Сапалы білімге, кәсіби қоғамдастыққа және нақты өсу тетіктеріне қол жеткізу — аймақтардың әлеуетін толық ашып, тұтас еліміз үшін IT мамандардың жаңа толқынын қалыптастыруға жол ашады», — деп атап өтті Astana Hub Өңірлік даму кеңсесінің директоры Нұржан Сағындық.
2025 жылы алғаш рет еліміздің барлық 16 өңірінде «Startup Orda» өңірлік инкубациялық бағдарламасы қолға алынды. Жоба жаңадан бастаған стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлерді қолдауға, кәсіпкерлік пен өнімдік құзыреттерді дамытуға, сондай-ақ стартаптарды одан әрі өркендетіп, ауқымдандыруға дайындауға бағытталған. Бағдарлама қорытындысы бойынша 205 қатысушы оқуды сәтті тәмамдады. 2026 жылы бұл бастама «Startup Orda 2.0» форматында жалғасын тауып, оған 450-ден астам адам қатысты. Сонымен қатар басты жобалардың бірі — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Astana Hub пен «Blockchain and AI Technology Center» (BAITC) зерттеу орталығы бірлесіп ұйымдастырған республикалық «Decentrathon» хакатоны болды.
Дөңгелек үстелдің басты тақырыптарының бірі — «Smart City» бағытын дамыту болды. Жиын барысында қатысушылар өңірлерде жүзеге асырылып жатқан цифрлық жобаларды таныстырып, қалалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыруға және мемлекеттік пен коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған тың шешімдерді енгізу мәселесін талқылады.
«Ақмола облысы үшін «Smart City» бағытын дамыту — ауқымды «Smart Region» үлгісінің ажырамас бөлігі. Бұл тек жекелеген цифрлық сервистерді, бейнебақылау камераларын немесе мониторинг жүйелерін орнатумен шектелмейді. Мұндағы басты мақсат — деректер, аналитика және жасанды интеллект өзекті мәселелерді дер кезінде анықтауға, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдауға әрі олардың орындалуын қадағалауға мүмкіндік беретін өңірдің біртұтас цифрлық ортасын қалыптастыру. Бүгінде біз цифрлық сервистер мен инфрақұрылымды басқару жүйелерін кезең-кезеңімен дамытып келеміз. Алдағы міндет — оларды ортақ біртұтас сәулетке біріктіру, мемлекеттік және қалалық қызметтердің сапасын арттыру, сондай-ақ облыстың барлық тұрғыны үшін қолайлы әрі қауіпсіз цифрлық орта құру», — деп атап өтті Ақмола облысы Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Мағжан Ержан.
Сонымен қатар жиында еліміздегі алғашқы peer-to-peer әдісіне негізделген жасанды интеллект және бағдарламалау мектебі — «Tomorrow School» жобасының нәтижелері сөз болды. Бұл бастаманы ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері, «Alem.ai Foundation» корпоративтік қоры және өңірлік әкімдіктер бірлесе жүзеге асырып келеді. Жоба аясында білім алу тегін әрі қатысушылардан бағдарламалау саласында тәжірибенің болуы талап етілмейді.
Бағдарламаның ауқымын өңірлерге кеңейту басталғалы бері 6 мыңнан астам өтінім түсті, әсіресе Шымкент, Орал, Көкшетау және Павлодар тұрғындары айрықша белсенділік танытты. Өңірлік кампустар жергілікті IT-хабтармен, жоғары оқу орындарымен және колледждермен тығыз байланыста жұмыс істейді. Олар бірлесіп хакатондар, ашық есік күндерін және жасанды интеллект пен бағдарламалау бойынша практикалық воркшоптар өткізіп келеді. Іс-шаралар барысында қатысушыларға ЖИ негіздері мен генеративті модельдерден бастап, қолданбалы қосымшаларды әзірлеу, деректерді талдау және дербес AI-шешімдерді жасауға дейінгі өзекті бағыттар оқытылады.
«Өңірлік желінің басты міндеті — дарынды азаматтардың сапалы әрі іргелі IT білім алу үшін Астана немесе Алматыға көшуге мәжбүр болмауында. Бірнеше айдың ішінде кампустар 13 өңірде іске қосылып, түскен 6 мыңнан астам өтінім аймақтарда мұндай оқыту форматына сұраныстың өте жоғары екенін көрсетті. Ендігі меже — осы қатысушылардың нақты индустрияда, оның ішінде өз өңірлерінде еңбекке араласуына жол ашу. Бізде үйреншікті дәрістер мен дипломға немесе тәжірибеге қойылатын талаптар жоқ. Біз ең алдымен адамның ізденісі мен білімге деген құлшынысына мән береміз. Бұрын-соңды бағдарламалаумен айналыспаған адамның өзі мұнда нарықта жұмысқа орналаса алатын деңгейге дейін көтеріледі. Студенттеріміздің оқи жүріп-ақ жұмыс табуы — осы үлгінің тиімділігін дәлелдейтін басты дәйек», — деп атап өтті «Tomorrow School» жобасының жетекшісі Олжас Оразалин.
Дөңгелек үстелге қатысушылар 12–18 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған қосымша білім беру орталығы — «TUMO Astana» жобасының жетістіктеріне де айрықша назар аударды. Бағдарлама толығымен тегін әрі қатысушыларға алдын ала ешқандай іріктеу талаптарын қоймайды. Бұл жасөспірімдердің бастапқы тәжірибесіне қарамастан, өздері қызығатын саланы таңдап, қолданбалы машықтарын шыңдауына жол ашады. Оқыту 11 бағыт бойынша жүргізіледі. Олардың қатарында генеративті жасанды интеллект, бағдарламалау, робототехника, анимация, цифрлық музыка, кино өндірісі және цифрлық шығармашылықтың басқа да салалары бар.
«TUMO Astana — ең алдымен әрбір баланың қабілеті мен қызығушылығын ашатын шығармашылық кеңістік. Жобаға деген жоғары қызығушылық мұндай оқыту форматына сұраныстың зор екенін айқын көрсетіп отыр: орталық ашылғалы бері 4 886 қатысушы тіркеліп, бүгінде 2 200-ден астам оқушы сабақтарға тұрақты қатысып келеді. Біз үшін баланың қай өңірде тұратынына қарамастан, заманауи технологиялар арқылы тәжірибе жасап, жеке жобаларын өмірге әкелуіне және өз әлеуетін толық жүзеге асыруына мүмкіндік жасау аса маңызды. Сол себепті алдағы уақытта еліміздің өзге қалаларында да «TUMO Astana» моделін кеңейтіп, оның ауқымын арттыруды жоспарлап отырмыз. Бұл одан да көп жасөспірімнің озық білімге қол жеткізіп, өз идеяларын іске асыруына жол ашады», — деп атап өтті TUMO Astana кеңсесінің басшысы Айнұр Қуанышбаева.
12 қазанда «TUMO Astana» орталығында төртінші лек басталады. Оның аясында 450-ден астам жаңа оқушы білім алуға мүмкіндік алып, заманауи технологиялар мен цифрлық шығармашылық саласындағы қолданбалы машықтарын шыңдайды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында ұйымдастырылып, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік пен адами капиталды дамыту бастамаларын тоғыстырған «AI MONTH» айлығының басты халықаралық оқиғасына айналды.
«AI & Digital Bridge 2026» форумының ұйымдастырушылары — Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және «Astana Hub» халықаралық инновациялық кластері.
«AI & Digital Bridge 2026» форумы демеушілік қаражат есебінен әрі серіктестердің қолдауымен өтті:
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ;
Күміс серіктес: Halyk Bank;
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан;
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan;
Телеком-серіктес: Freedom Telecom Operations;
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ;
Ресми әуе тасымалдаушысы (Official Airline Partner): Air Astana.