Astana Hub алаңында Е.Л. Тоғжанов еліміздің белсенді жастарымен кездесті.
Astana Hub алаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжанов жастар ұйымдарының, Президенттік Жастар кадрлық резервінің өкілдерімен, жас кәсіпкерлермен және белсенділермен кездесті.
Іс-шара ағымдағы жылғы 5 маусымда өтетін Қазақстан Республикасының Конституциясына түзетулер бойынша алдағы референдумға орайластырылды.
Кездесу спикерлері ретінде ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі Кеңестің мүшесі Олжас Сүлейменов және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов сөз сөйледі.
Ералы Тоғжанов болашақ Зияткерлік қоғамды қалыптастыруда жастардың рөлі артып келе жатқанын және ҚР Үкіметінің жастар саясатын іске асыру мәселелеріндегі белсенді жұмысын атап өтті. Кездесу барысында қатысушылар Жұмыспен қамту, ел жастарына білім беру мәселелерін, сондай-ақ елдің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған болашақ ұрпақтың рухани құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін талқылады.
"Қоғам мен елдің өміріне жан-жақты әсер ететін саяси жүйені қайта іске қосудың өршіл мақсаттары қойылған."- деп атап өтті Е.Тоғжанов.
Кездесу қорытындысы бойынша спикерлер қатысушыларды алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін