DIGITAL ALMATY AWARDS 2023 сыйлығын алу үшін өтінімдерді жинау басталады

«Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» халықаралық технологиялық форумы аясында цифрландыру саласындағы үздік жетістіктері үшін дәстүрлі жыл сайынғы сыйлық табыс етіледі


Жеңімпаздар алты номинациялар бойынша белгіленеді:

  • EdTech Company of the Year
  • MedTech Company of the Year
  • FinTech Company of the Year
  • e-Commerce Company of the Year
  • Woman in Tech of the Year
  • Venture Capitalist of the Year

IT-саласындағы барлық компаниялар Digital Almaty Awards бөлімінде «Өтінім беру» батырмасын басып, форумның almatydigital.kz сайтында сыйлық алуға өтінімді бере алады. Өтінімдер 21 қаңтарға дейін қабылданады. Жеңімпаздар 2023 жылдың 2-3 ақпанында «Digital Almaty: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» форум барысында марапатталады.

Алғашқы рет сыйлық «Digital Almaty: жаһандық экономиканың цифрлық болашағы» форумында 2020 жылы берілген, онда 10 цифрлық жобалар ұсынылған, оның ішіндегі 8-і «IT-чемпионы» санаттағы Қазақстанның үздік IT-компаниялары өнімдері және 2 жоба Astana Hub брендтегі стартаптар болып табылады.

Digital Almaty – цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін