Біз Tech Orda бағдарламасының түлегі Арунамен тілдестік. Әкімшілік салада бірнеше жыл еңбек етіп, декрет демалысынан шыққан соң, ол кәсіби бағытын түбегейлі өзгертуге бел буған. Небәрі алты ай ішінде Full Stack-әзірлеу бағытын меңгерген Аруна бүгінде Astana Hub қатысушысы саналатын стартапта жұмыс істейді. Алдағы уақытта ол бэкенд-инженер ретінде біліктілігін арттыруды көздеп отыр.
Аруна, Tech Orda бағдарламасына қатыспас бұрын немен айналыстыңыз және қазір қайда жұмыс істейсіз?
— Негізгі мамандығым – халықаралық қатынастар және саясаттану. Магистратураны «Мемлекеттік саясат» бағыты бойынша тәмамдадым. Университеттен соң бірнеше жыл әкімшілік салада қызмет етіп, кейін декрет демалысына шықтым. Ал бүгінде Astana Hub қатысушысы саналатын шағын стартапта жұмыс істеймін және жаңа IT-өнімді әзірлеуге атсалысып жүрмін.
IT саласына ауысуға не түрткі болды?
— Декретте жүргенде басқа кәсіпке бет бұрғым келді. Үнемі өсіп-дамуға жол ашатын әрі жасаған еңбегіңнің нәтижесі бірден көрінетін сұранысқа ие салаға қызықтым. Алғашында бәрін Udemy мен YouTube арқылы өзім оқып көрдім. Бірақ жүйелі тәсілдің, практикалық тапсырмалар мен менторлық қолдаудың жоқтығы білінді. Осы орайда Tech Orda маған сапалы білім жинақтап, IT-ға қадам басуға және жаңа салада қызмет жолын бастауға үлкен септігін тигізді.
Tech Orda бағдарламасындағы оқу процесі қалай өтті?
— 2024 жылы бұл бағдарлама туралы таныстарымнан естіп, өтінім қалдырдым. Сөйтіп, Recoursia мектебінің Full Stack бағытына оқуға түстім. Алты айға созылған оқу процесі өте қарқынды өтті. Біз теорияны меңгеріп, тәжірибелік тапсырмалар орындадық және өз жобаларымызды жасап шығардық. Оған қоса, мектепішілік емтихандар мен Astana Hub-тың қорытынды сынағын тапсырдық. Осылайша, 2025 жылдың көктемінде оқуды сәтті тәмамдадым. Техникалық дайындықтан бөлек, мектеп біздің жұмысқа орналасуымызға да үлкен қолдау көрсетті. Студенттер үшін HR-мамандармен кездесулер ұйымдастырып, түйіндеме құрастыруға және жұмыс берушілермен сұхбатқа дайындалуға көмектесті. Осының арқасында біз бағдарламалау тілін үйреніп қана қоймай, IT саласында алғашқы жұмысты қалай іздеу керектігін де нақты түсіндік.
Бұл жолдағы ең үлкен сынақ не болды?
— Ең қиыны — оқуды нөлден бастап, қысқа уақыт ішінде қыруар жаңа ақпаратты меңгеріп шығу болды. Бастапқыда көптеген техникалық терминдер мен тапсырмалар өте күрделі көрінетін. Психологиялық кедергі де болмай қалған жоқ: жұмысқа орналасу үшін бірден бәрін білу керек сияқты сезілетін. Алайда уақыт өте келе IT саласында бәрін жатқа білу емес, үнемі үйренуге бейім болу, шешім таба білу және жаңа тапсырмаларды жұмыс барысында түсініп, меңгеріп кету әлдеқайда маңызды екенін ұқтым. Оған қоса, қарқынды оқу процесін отбасылық шаруалармен қатар алып жүруге тура келді. Дегенмен, тұрақты тәжірибе, оқытушылар мен топтастарымның қолдауы бұл жолды соңына дейін сәтті жүріп өтуіме үлкен септігін тигізді.
Бүгінде жұмыста қандай міндеттерді атқарып жатырсыз?
— Қазіргі таңда жаңа IT-өнімді әзірлеп, оны одан әрі дамытуға атсалысып жүрмін. Негізінен қосымшаның серверлік бөлігімен жұмыс істеймін: жаңа функциялар қосамын, сыртқы жүйелермен (мысалы, Google Calendar) интеграция жасауға қатысамын және түрлі сервистермен жұмыс істеймін. Компаниямыз шағын стартап болғандықтан, мұндағы тапсырмалар да сан алуан. Бұл өз кезегінде тез тәжірибе жинап, әзірлеу процесіне тереңірек үңілуге және жалпы өнімнің қалай жұмыс істейтінін жақсырақ түсінуге үлкен мүмкіндік береді.
Алдағы уақытта кәсіби тұрғыдан қай бағытта дамығыңыз келеді?
— Алдағы уақытта нақты бэкенд-инженер ретінде кәсіби тұрғыдан дамып, техникалық дағдыларымды шыңдағым келеді. Сондай-ақ, бұдан да күрделі өнімдер жасауға атсалысуды мақсат етіп отырмын. Ал Tech Orda маған қажетті іргетасты қалап беріп, жаңа мамандыққа алғашқы нық қадам жасауыма үлкен септігін тигізді.
Сұранысқа ие IT-мамандықты меңгеріп, технология саласында өз қызмет жолыңызды бастағыңыз келе ме? Ендеше, Astana Hub платформасында Tech Orda бағдарламасы аясында өзіңізге лайықты курсты таңдап, оқуға өтінім қалдыра аласыз.