Tomorrow School – Қазақстанда peer-to-peer форматында оқытатын алғашқы мектеп. Яғни, студенттер цифрлық мамандықтарды тәжірибе арқылы және командамен бірлесіп жұмыс істеу барысында меңгереді. Жоба цифрлық экономикаға қажетті бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған.
Қазіргі таңда мектепте 387 студент білім алып жатыр, олардың қатарында өңірлерден келген жастар да бар. Мектеп жұмыс істегеннен бері 11 іріктеу кезеңі өтіп, жалпы саны 18 мыңнан астам өтінім түскен.
Негізгі оқу бағдарламасы 18 айға, сондай-ақ AI бағыты бойынша 6 айлық мамандану кезеңіне созылады. Әр қатысушы өз даму жолын еркін таңдай алады: AI-инженер, DevOps, киберқауіпсіздік, GameDev, жасанды интеллект, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеу және басқа да бағыттар. Оқу 24/7 еркін форматта ұйымдастырылып, студенттерге өзіне ыңғайлы уақытта және жеке қарқынмен білім алуға мүмкіндік береді.
Tomorrow School студенттері жоғары нәтижелер көрсетіп келеді: олар Astana Hub бағдарламаларына қатысып, түрлі технологиялық байқауларда жеңіске жетіп жатыр және жұмысқа орналасу бойынша ұсыныстар алуда. Бірқатар студент инвестиция тартып, халықаралық компанияларда қызмет етіп жатыр. Сәтті жобалардың қатарында студент Әмір Жақышевтің командасы бар. Олар AI’preneurs бағдарламасы аясында Astana Hub Ventures-тен 50 000 АҚШ доллары көлемінде soft-commit инвестициясын алды. Сонымен қатар мектеп студенттері Таяу Шығыстағы IT-компанияларда және Қазақстанның банк секторындағы ұлттық корпорацияларда жұмыс істеп жүр. Айта кетерлігі, өңірлерден келген дарынды студенттерге тегін тұру мүмкіндігі қарастырылған.
Tomorrow School жас көрсеткіштеріне, үміткердің біліміне және тәжірибесіне қарамастан, баршаға IT және AI әлеміне жол ашады. Өтінімдер 13 ақпанға дейін қабылданады.