Таяу Шығысқа жаңа жол: Дубайдағы Digital Startups Scale Up бағдарламасына қатысуға өтінім беру басталды

Tumar Innovation Hub DIFC-пен бірлесе отырып, Astana Hub пен IT Park Uzbekistan қолдауымен Орталық Азия фаундерлеріне ерекше мүмкіндік ұсынады. Биыл күзде БАӘ-де Қазақстан мен Өзбекстан стартаптарына арналған алғашқы акселерациялық бағдарлама өтеді. Бастама стартаптарға қызметін жергілікті нарыққа бейімдеуге, ауқымын кеңейтуге және MENA аймағындағы мүмкіндіктерге жол ашуға көмектеседі.


Бағдарлама 2025 жылдың қыркүйек айының ортасынан қарашаның ортасына дейін жалғасады. Өтінім беру 20 маусымға дейін жалғасады. 

Өтінім беру сілтемесі: https://tumarhub.com/acceleration1

Digital Startups Scale Up Program — Central Asian Innovation Hub-тың жаңа бастамасы, ол өңірдегі үздік стартаптарды жаһандық нарыққа ілгерілетуге бағытталған. БАӘ — Қазақстан мен Өзбекстанның Парсы шығанағы өңіріндегі негізгі саяси және экономикалық серіктесі. Сонымен қатар соңғы жылдары Дубай әлемдегі үздік технологиялық компаниялардың орталығына айналды. Digital Startups Scale Up бағдарламасы IT-технологиялар экспортын алдағы жылдары 1 миллиард АҚШ долларына дейін арттыру мақсатын көздейді.

Акселерациялық бағдарлама алдын ала және соңғы іріктеу кезеңінен, дайындық, бағдарлама, Demo Day-ден және пост-бағдарламалық қолдаудан тұрады. Қатысу үшін стартаптар келесі талаптарға сай болуы керек:

  • Өз елінің ішінде тұрақты даму көрсеткіштері
  • Компанияның қызметін, командасын және өнімін БАӘ, Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка нарығына бейімдеуге дайын болу
  • БАӘ-ге шығу стратегиясы мен негіздемесі бар питч-дек
  • Бағдарламаның барлық 8 аптасында стартап иесі немесе серіктестің БАӘ-ге көшу мүмкіндігі

БАӘ-де компания тіркелгеннен кейін таңдалған стартаптар DIFC Innovation Hub сарапшылары дайындаған 8 апталық акселерациялық бағдарламаға қатысады.

 Бағдарламаның негізгі құрамдас бөліктері:

  • Кураторлық менторлық және оқыту сессиялары
  • Бизнес дамуына қолдау, соның ішінде әлеуетті клиенттермен, инвесторлармен және корпоративтік серіктестермен танысу
  • БАӘ нарығына шығуға сараптамалық және нормативтік жетекшілік
  • Өнім мен нарыққа шығу стратегиясын локализациялауға қолдау
  • DIFC Innovation Hub негізіндегі коворкинг кеңістігіне қол жеткізу

Қараша айының соңында өтетін Demo Day аясында стартаптар қорытынды питч жасап, бағдарламаның мықты түлектері анықталады. Үздік стартаптар инвестиция алып, серіктестер тарапынан басқа да қолдауға ие болады. Сонымен қатар барлық қатысушы БАӘ-дегі Tumar Innovation Hub-та бір жылдық тегін өкілдік алады. 

Сәуір айында Dubai AI Week аясында Astana Hub, IT Park Uzbekistan, DIFC Innovation Hub және Al-Farabi Innovation Hub өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Осы меморандум аясында Дубайда Tumar Innovation Hub іске қосылды, ол алғашқы акселерациялық бағдарламасын 2025 жылдың күзінде іске қосады. Бұл бастамалар Қазақстан мен Өзбекстаннан келген стартаптарға MENA нарығына шығуға: капитал, жұмыс орындарына және менторлар желісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Tumar Innovation Hub-ты Аслан Сұлтанов және MENA-дағы екі инновациялық хаб пен Tumar VC-ді басқаратын White Hill Capital басқарады.

Салтанатты рәсімге DIFC губернаторы Эсса Казим және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мадиев қатысты.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін

HIRE A GENUINE HACKER FOR ALL KINDS OF HACKING JOBS // THE HACK ANGELS The internet today is full of scammers. But here is some good news to everyone who has been a victim of internet scammers. I have been a victim of online scams. I lost $920,000 worth of BTC. I was devastated when I realized I had fallen victim. I came across a place where so many people recommended THE HACK ANGELS. Hackers who have dedicated time to helping individuals to get back their money from internet scammers. Am here to give glory to THE HACK ANGELS. You guys did a great job for me. And all of this was done at an affordable price. Thanks a lot. To get in touch with the recovery hacker, you can contact them via details below. WhatsApp +1(520)200-2320 Email at support@thehackangels.com Website at www.thehackangels.com

Жауап беру

Отлично

Жауап беру