Технопарк қатысушылары қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері
Astana Hub мониторинг қызметі технопарк қатысушыларына олар Astana Hub қызметі ережелерінің 7-тармағында көзделген және/немесе ҚР заңнамасында АКТ саласындағы қызметтің басым түрлері ретінде көрсетілген қызмет түрлерінің бағытына сәйкес, қызметтің бір немесе бірнеше түрін жүзеге асыру арқылы ғана табыс табуы тиіс екенін еске салады.
Astana Hub мониторинг қызметі қатысушылардың қызметіне ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбегіне сәйкестігі тұрғысынан тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Бірінші кезекте қатысушының есебі, бизнес-жоспарда көзделген жоба көрсеткіштерінің орындалуы мен нәтижелері талданады және тексеріледі.
Мысалы, жақында жүргізілген мониторинг нәтижесінде қатысушылардың бірі жобаны іске асыру кезінде тізбеден таңдалған тармақтың - интернет арқылы байланыс орнату және сатушылар мен сатып алушылар арасында мәмілелер жасау үшін бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерді ұсыну бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтің (нақты уақыт режимінде Интернетте жұмыс істейтін сауда алаңын ұсыну) талаптарын бұзғаны анықталды.
"Қатысушының бизнес-жоспарына сәйкес жобаны іске асыру мобильді қосымша арқылы жария оферта жолымен жүргізілуі тиіс еді. Алайда, ол мобильді қосымшаны пайдаланбай, банктердің бірінің клиенттік базасын қолдана отырып, жеке тұлғаларға қызмет көрсетуден табыс тапты. Осылайша, қатысушы таңдаған тізбедегі тармақ жүзеге асырылмады, ал компания қызметін алушылар шеңбері тек банк клиенттерімен шектеледі. Сөйте тұра, салықтық есептілікте қызмет "консультациялық қызмет" ретінде көрсетілген, бұл шындыққа жанаспайды", - деді Astana Hub мониторинг қызметінің басшысы Дариға Апеисова.
Осылайша, тізбенің 14-тармағы шеңберінде технопарк қатысушысына байланыс орнату және мәмілелер жасау мақсатында сатушылар мен сатып алушылар үшін платформаны/маркетплейсті не басқа да бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерді пайдалануға беруге жол беріледі. Бұл жағдайда қатысушы қандай да бір тауарды, жұмыс немесе қызметті тікелей сатып алушыларға сатуынан емес, сатушылар мен сатып алушылар үшін бағдарламалық-техникалық мүмкіндіктерді ұсынудан табыс тапты.
Сондай-ақ, мониторинг қызметі жоғарыда көрсетілген кейстен басқа, қатысушының архитектуралық жобалау қызметтерін, көлік қызметтерін (сау жүргізуші, эвакуатор және т.б.) ұсыну, жүк сақтау және тасымалдауға жәрдемдесу фактілерін анықтады.
Айта кету керек, Astana Hub қызметінің және/немесе өзге де қызмет түрлерінің ережелерін бұзған қатысушылар Astana Hub-тан шығарылды.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін