Алматыда жасанды интеллект бойынша білім беру марафоны өтеді
Astana Hub халықаралық технопаркі және Awara IT Kazakhstan халықаралық IT-консалтинг компаниясы жасанды интеллект бойынша марафон басталғанын жариялайды. Шара аясында қатысушылар машиналық оқыту, когнитивті сервистермен танысып, зияткерлік шешімдер жасау кезінде жасанды интеллекті қолдануды үйренеді. Марафон Алматыда 31 шілде мен 14 тамыз аралығында өтеді.
Халықаралық сарапшылардың (International Data Corporation) бағалауы бойынша жасанды интеллект технологиясын (бағдарламалалық және аппаратпен қамтамасыз ету және ілеспе қызметтерді қоса алғанда) енгізудің жаһандық шығыны 2023 жылы $154 млрд-қа жетеді. Осылайша, жасанды интеллектің әлемдік нарығы 2022 жылмен салыстырғанда 26,9%-ке өседі. Ал ірі аналитикалық компаниялардың орташа бағалауы бойынша, AI қолданатын технологиялардың әлемдік нарығы 2030 жылға қарай $1,76 трлн-ға жетеді.
"Бұл марафон дайындық деңгейі мен тәжірибесіне қарамастан AI туралы білімін кеңейтуге ұмтылатындардың бәріне арналған. Microsoft Learn AI Skills Challenge марафоны жасанды интеллект құзыреттілігін дамытуға бағытталған білім беру бастамасы. Қатысушылар машиналық оқытудан бастап когнитивті қызметтерге дейін AI-нің әртүрлі аспектілерімен танысуға мүмкіндік алады, сонымен қатар жасанды интеллектті әртүрлі қосымшалар мен тапсырмалар жасау кезінде қолдануды үйренеді",- деді Astana Hub корпоративті инновациялар кеңсесінің директоры Таңат Өскембаев.
Марафон аясында қатысушылар келесі тақырыптарды зерттейді:
- Машиналық оқыту: сын-қатері мен міндеттері (Machine Learning Challenge);
- Когнитивті сервистер: қосымшалардағы жасанды интеллект (Cognitive Services Challenge);
- Машиналық оқыту операциялары (MLOps Challenge);
- Зияткерлік шешімдерді құру кезінде AI Builder қолдану (AI Builder Challenge).
«Мақсатымыз – қазақстандықтардың IT және AI саласындағы құзыретін арттыру. Бұл барлық ниет білдірушілерге өздерінің кәсіби профилін нығайтуға және жасанды интеллект саласында сұранысқа ие дағдыларды көрсетуге тамаша мүмкіндік. Марафон тапсырмаларын сәтті орындаған қатысушыларға Awara IT Kazakhstan және Microsoft сертификаты беріледі", - дейді Awara IT Kazakhstan бас директоры Михаил Нам.
Марафон бағдарламасы:
29 шілде, 10:00-12:00 – Ашық есік күні, өзіндік жұмыстың басталуы. Бұл күні қатысушылар марафон бағдарламасымен танысып, алдағы міндеттер мен оқу материалдары туралы ақпарат ала алады.
5 тамыз, 10:00-19:00 – IT саласындағы тәжірибелі сарапшылардың қолдауымен оқу тапсырмалары бойынша өзіндік жұмыс. Осы күн ішінде қатысушылар тәжірибелі мамандардан көмек пен кеңес алу мүмкіндігімен өз тапсырмалары мен зертханалық жұмыстарымен жұмыс істейтін болады.
14 тамыз, 14:00-18:00 – Оқу марафонының аяқталуы, нетворкинг, идея мен нәтиже алмасу. Қатысушыларды марапаттау.
Байланыс нөмірі: 8 707 581 74 60 Дильназ Тусупаева
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін