Astana Hub серіктестерімен бірге оқы!
Astana Hub алаңы – бұл тікелей кездесулер болсын немесе онлайн формат болсын, идеялар мен нетворкингтің тұрақты алмасу орны. Технопарк жаңа бизнес-ортаны дамыту үшін пікірлестермен ынтымақтасуға әрқашан ашық.
Astana Hub алаңы – бұл тікелей кездесулер болсын немесе онлайн формат болсын, идеялар мен нетворкингтің тұрақты алмасу орны. Технопарк жаңа бизнес-ортаны дамыту үшін пікірлестермен ынтымақтасуға әрқашан ашық.
Бұл жолы технопарк Huawei Kazakhstan-мен серіктес болды. Хаб аудиториясы ірі халықаралық компанияның үш күндік Bright Talk бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды. Мұның бәрі - үйден шықпай, Zoom платформасының көмегімен өтті!
23-25 маусым аралығында технопарктің виртуалды базасында келесі семинарлар өтеді:
23 маусым: "Өнеркәсіптегі цифрландырудың заманауи үрдістері", спикер - Андрей Праскурин. Әлемдегі және Қазақстандағы өнеркәсіптегі цифрландырудың заманауи үрдістері туралы әңгіме қозғадық.
24 маусым: "Деректерді өңдеу орталықтары", спикер - Евгений Каазик. Деректер орталықтарының жұмыс принципін, әлемдегі деректер орталықтарының заманауи шешімдерін талқылайтын боламыз.
25 маусым: "Huawei Cloud Stack - бұл сандық түрлендіруге арналған бұлт платформасы". "Бұлтты платформа" ұғымын, оның түрлерін, сондай-ақ әлемдегі бұлтты платформаның негізгі әзірлемелерін нақты мысалдармен талдаймыз.
Вебинарлар жаңадан бастаушылар үшін де, қазіргі стартаптар үшін де пайдалы болады. Қатысу тегін!
🔗 Веб-семинарларға келесі сілтемелер арқылы тіркелуге болады:
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін