Олжас Бектенов: «Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды»

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысына отандық тауар өндірушілерді, IT-секторды, әлеуметтік сала мен ғылымды қолдау шараларының нәтижелері туралы баяндады.


Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні ауқымды енгізу маңызды бағыт саналады. Үкімет әлеуметтік қорғау, экология, төтенше жағдайлар, өнеркәсіп салаларындағы үлкен деректер негізінде шешім қабылдауда жасанды интеллектіні пайдалануға кірісті. Биыл мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде виртуалды көмекшіні толыққанды іске қосу жоспарланып отыр. Жасанды интеллектінің алғашқы «KazLLM» тілдік моделі құрылды. Осы жылы Alem.AI халықаралық жасанды интеллект орталығы ашылады. «AI-Sana» бағдарламасы аясында биыл 100 мың студентке экономиканың түрлі саласына ЖИ енгізу бойынша қолданбалы дағдылар оқытылады. 20 ЖОО базасында жасанды интеллект бойынша мамандар даярлау басталды, «Болашақ» бағдарламасы бойынша жеке квота енгізілді.

Astana Hub табысты стартап-жобалар дайындайтын тиімді алаңға айналды. Бүгінде онда өнімдерін әлемнің түрлі еліне экспорттайтын 1,6 мыңға жуық IT-компания тіркелген. Сәтті мысалдардың бірі – алақан арқылы пайдаланушыларды анықтауға мүмкіндік беретін Alaqan жүйесі. Жоба 300 мектепте енгізіліп, жақында Үкімет ғимаратында орнатылды. Бірінші жартыжылдықта оны Сауд Арабиясы, Сингапур, Кувейт және тағы басқа 6 елге экспорттау жоспарлануда.

Тағы бір жасанды интеллектіге негізделген стартап – Higgsfield AI мәтіннен бейне жасайды және өңдейді. Жоба $100 млн-ға бағлаланып отыр. Балаларды бағдарламалауға үйрету бойынша Codiplay жобасы қазірдің өзінде әлемнің 13 елінің мектептерінде қолданылады, олардың қатарында Оңтүстік Корея, Түркия, Ұлыбритания, Қатар және басқалары бар. Сондай-ақ Grand Mobile, CITIX, CEREBRA, OGames, Parqour, ApartX табысты қазақстандық жобалар саналады.

Толық ақпарат алу үшін мына сілтемеге өтіңіз. 

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

✌️✌️✌️✌️

Жауап беру

👏🏻👏🏻👏🏻

Жауап беру

👏👏👏

Жауап беру

С нетерпением ждем запуска Alem.AI, думаю, что это будет одним из ведущих AI-хабов в ЦА 🙌

Жауап беру