Олжас Бектенов әкімдерге IT мамандарды қолдау үшін өңірлерде цифрлық инфрақұрылым құруды тапсырды
Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің цифрландыру саласын дамыту мәселелері қаралды.
Премьер-министр Үкімет алдағы уақытта да IT-технологиялар мен көрсетілетін қызметтер саласын белсенді қолдай беретінін атап өтті. Өңірлік акселерациялық бағдарламаларды және басқа елдердегі жаһандық әріптестік желіні дамыту саясатын одан әрі жалғастыру қажет.
Astana Hub технопаркі көптеген стартаптар үшін шын мәнінде инновациялық кластерге әрі ең негізгі әріптеске айналды. Бұл алаңда 1,5 мыңнан астам компания табысты жұмыс істеуде. E-commerce, BigData, GameDev, Fintech, MedTech пен басқа да серпінді жобалардың экспорттық әлеуеті жоғары. Олардың белсенді дамуы 2026 жылға қарай ІТ-өнімдер мен қызметтер экспортын $1 млрд-қа дейін өсіруге ықпал етпек.
Салалық министрлікке өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп, Astana Hub-ты дамыту, өңірлік хабтарды қолдау және IT саласында экспортқа бағытталған бағыттарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ венчурлік қаржыландыруды қолдау жүйесіндегі тәсілдерді жаңарту тапсырылды.
Толығырақ Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсында
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін