IT саласында мамандар даярлау үшін Tech Orda 2022 бағдарламасына қатысатын жеке IT мектептер анықталды

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі іске қосқан Tech Orda IT-мамандықтарын оқытуды қаржыландыру бағдарламасы бойынша жеке ШО-мектептерді аккредиттеу процесі аяқталды.


TechOrda - әрбір студент үшін 600 000 теңгеге дейінгі мөлшерде IT саласында білікті мамандарды даярлау үшін қаржыландыруды ұсыну жөніндегі бірегей бағдарлама. 

Өткен жылы Astana Hub Цифрлық даму министрлігінің қолдауымен бағдарламаның пилоттық ағыны іске қосылды, 100 студент ваучер алу арқылы 13 IT-мектепте оқиды. 

ҚР Президентінің 100 мыңнан кем емес білікті IT-кадрларды даярлау жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Tech Orda бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін жекеменшік IT-мектептерде жоғары сапалы санатты 20 000 маман даярлау жоспарлануда. 

Осы жылдың өзінде бүкіл Қазақстан бойынша 3 000-ға жуық адам IT мамандықтарын меңгеруге мүмкіндік алады. 

29 қыркүйекте Digital Bridge 2022 форумы аясында алғашқы 10 студентке Қазақстанның 11 қаласында орналасқан 50 мектепттер арасында таңдау жасауға мүмкіндік беретін оқыту ваучерлері табыс етілді. 

"Tech Orda бағдарламасының арқасында ынталы жастардың сапалы IT-білім алу мүмкіндігі бар, жетекші  жеке IT-мектептер арасында өтініш беру және таңдау жасау ғана қажет. Биыл IT-мектептер бағдарламаға үлкен қызығушылық білдіріп, 70 өтінім келіп түсті, олардың ішінен Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Семей, Орал, Шымкент сияқты Қазақстан Республикасының өңірлерінде кеңінен ұсынылған үздік 50 IT-мектеп іріктеліп, аккредиттелді. Бағдарлама аясында дайындықтан өткен студенттер оқудан кейін елімізде цифрлық құзыреттілікті дамытуға елеулі үлес қосады деп үміттенеміз",-деп атап өтті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібінің бірінші вице-министрі Жаслан Мәдиев. 

Іріктелген IT мектебіне түсу шарттары туралы қосымша ақпаратпен, сондай-ақ Tech Orda бағдарламасы бойынша аккредиттелген мектептердің тізімін технопарктің ресми сайтынан табуға болады https://astanahub.com/l/TechOrdaStudents.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін