Өңірлік жартылай финалдардың қорытындысы бойынша Digital Qazaqstan Battle финалына еліміздің түрлі өңірлерінен 20 стартап шықты. Олардың қатарында: aitomaton (Қостанай), Lady Taxi (Атырау), SanEduPortal (Семей), Kasibi Taxi (Орал), LoyaBonus (Өскемен), Okushy (Көкшетау), CortexAI (Қызылорда), Proji (Ақтөбе), zhihaz.kz (Қонаев), SmetaHub (Жезқазған), gro.now (Алматы), Reco (Тараз), AR Sana (Астана), Qalam (Шымкент), Ai-mektep (Түркістан), JolScan (Қарағанды), Mathlab (Павлодар), Help Hand (Талдықорған), KenDala (Ақтау) және Numerus (Петропавл).
«Digital Qazaqstan Battle – технологиялық мықты жобалардың тек ірі қалаларда ғана емес, Қазақстанның барлық өңірінде де дамып жатқанын көрсететін алаң. Жартылай финал барысында біз дайын өнім жасап, алғашқы сатылымдарын бастаған, сондай-ақ халықаралық нарыққа шығуды көздейтін стартаптарды көрдік. Шымкентте өтетін финалда олардың үздік шешімдері инвесторлар мен елдің технологиялық экожүйесіне таныстырылады», – деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.
Өңірлік батлдар жеңімпаздарының бірі – жол инфрақұрылымының жай-күйін бақылап, автотұрақ кеңістігін басқаруға арналған жүйе жасаған JolScan стартапы. Жүйе қалалық камералар мен мобильді құрылғылардан жиналатын деректер арқылы жол жабындысындағы ақауларды автоматты түрде анықтайды. Соның арқасында жолдарды тексеруге кететін шығын айтарлықтай азаяды.
«Жартылай финалдағы жеңіс – жол инфрақұрылымын бақылау мен автотұрақ кеңістігін басқаруды бір жүйеге біріктіретін “ақылды қала” тұжырымдамамыздың өміршеңдігін дәлелдейді. Бұл біз үшін қаланың қолданыстағы инфрақұрылымын дерек жинайтын мобильді сенсор ретінде пайдалануға негізделген инновациялық тәсілдің тиімді екенін көрсетеді. Мұндай тәсіл қалаларды цифрлық дамытуға ықпал ететін тиімді құрал бола алады», – деді JolScan жобасының негізін тең қалаушы Рүстем Қадыров.
Өңірлік кезеңнің тағы бір жеңімпазы – бизнес-процестер мен коммуникацияларды AI-агенттердің көмегімен автоматтандыруға арналған платформа әзірлеген aitomaton стартапы.
«Біз AI-агенттер мен адамдарды бір ортақ жұмыс кеңістігінде біріктіретін платформа жасадық. Онда бизнеске қажетті негізгі құралдар бар: CRM, тапсырмалар трекері, қызметке жазылу жүйесі, омниканалды мессенджер, телефония және қоңыраулар мен чаттарда жұмыс істейтін AI-агенттер. Digital Qazaqstan Battle финалына шығу – бұл жобаны кең технологиялық аудиторияға таныстырудың тамаша мүмкіндігі. Финалда жүлделі үштікке еніп, жобаны дамыту үшін жаңа серіктестер табамыз деп үміттенеміз», – деді aitomaton жобасының CPO және негізін тең қалаушы Эдгар Володькин.
Еске салайық, ұлттық финал 2026 жылғы 27 наурызда Шымкент қаласында Digital Qazaqstan форумы аясында өтеді. Финалистер өз жобаларын қазылар алқасына, инвесторларға және елдің технологиялық экожүйесінің өкілдеріне таныстырады.
Жүлде қоры мынадай тәртіппен бөлінеді: бірінші орынға – 10 000 000 теңге, екінші орынға – 5 000 000 теңге, үшінші орынға – 3 000 000 теңге, ал көрермен көзайымы жүлдесіне – 1 000 000 теңге беріледі. Қазылар алқасы жобаларды нарықтағы өсім қарқыны, команда сапасы, ауқымдау мүмкіндігі және инвестициялық тартымдылығы бойынша бағалайды.