Open Banking саласындағы үздік стартаптар анықталды
Astana Hub Bank RBK және Visa International халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп, үздік стартап-жобаларға арналған «OPEN RBK CONTEST» байқауын ұйымдастырды. 14 стартап финалға жетті.
Байқауға жалпы 65-тен астам жоба қатысты, олардың бағыттары әртүрлі болды: білім беру мекемелерінде жасанды интеллектті қолдану, түрлі интернет-дүкендер мен бизнеске арналған өнімдер экожүйелері. Сонымен қатар туристік жолдамалар мен әуе билеттерін іздеуге арналған сервистер, криптовалютамен қызметтерді төлеу жүйесі, бизнес-процестерді оңтайландыруға арналған құралдар мен шешімдер бақ сынады.
Финалистердің жобаларымен танысқаннан кейін, Bank RBK, Ұлттық төлем корпорациясы, Visa International және Astana Hub өкілдерінен құралған қазылар алқасы үш жеңімпазды анықтады. Олар: фрилансерлер нарығына арналған әлеуметтік финтех-экожүйе Partners Pay, студенттер мен оқытушыларға арналған білім беру платформасы JASTARLIFE және фармацевтика саласына арнайы жасалған инновациялық финтех/маркетингтік шешім – Farma pay.
Жеңімпаздар Bank RBK инфрақұрылымына Baas тұжырымдамасы аясында қосылу мүмкіндігін, сондай-ақ VISA тарапынан ақшалай гранттар алды: бірінші орынға – 5 миллион теңге, екінші орынға – 3 миллион теңге, үшінші орынға – 1 миллион теңге.
Айта кетейік, Astana Hub байқауды қолдап, Қазақстан финтех нарығының қатысушыларымен тиімді байланыс орнатуға белсенді үлес қосты.
Толығырақ zakon.kz сайтынан оқуға болады.
Фото: Bank RBK
Пікірлер 10
Кіру пікір қалдыру үшін
Abylay Allamurat · Қар. 1, 2024 10:09
👍
Lain Iwakura · Қаз. 24, 2024 01:02
👍👍👍
Laura Meir · Қаз. 21, 2024 15:39
👍👍👍
Lain Iwakura · Қаз. 21, 2024 12:04
👍👍👍👍👍
Zhasmina Dybysbay · Қаз. 15, 2024 14:18
Вау, поздравляем финалистов 🤯🎉
Alramir Kumarkhanov · Қаз. 12, 2024 13:36
🙌🙌
Саин Абельсеитов · Қаз. 12, 2024 12:59
😲
Руслан Жалғасбек · Қаз. 11, 2024 23:37
👍
Arman Zhalgasbayev · Қаз. 11, 2024 19:27
Wow! Congrats, good luck & successful integration with Bank RBK 👍
Zhansaya Yergazy · Қаз. 11, 2024 17:50
😍😍