Стартаптарға арналған конкурс жеңімпаздары анықталды

EOMM KAZAKHSTAN Astana Hub халықаралық технопаркі және QM Meta медиа агенттігімен әріптестікте ұйымдастырған стартаптар конкурсы өз мәресіне жетті. Байқау жеңімпаздары Филип Котлердің «Заманауи маркетинг негіздері – Қазақстан нұсқасы» атты кітабына ену мүмкіндігіне ие болды.


Конкурста Product Market Fit (PMF) кезеңінде тұрған, яғни өз өнімдерінің сұранысын дәлелдеген, нарықта орнын тапқан және масштабтау кезеңіндегі (Scale) стартаптар мен халықаралық нарыққа шығуға ұмтылған жобалар бақ сынады.

Байқау нәтижесі бойынша, 1-орынды SmartCity мен AdTech бойынша жаһандық шешім ұсынатын Citix стартабы жеңіп алды. 2-орынды геймификацияланған фитнес студия Hero’s Journey иеленсе, 3-орынға дистрибьюторлардың жұмысын автоматтандыруға бағытталған мобильді шешім ұсынатын EZapp стартабы лайық деп танылды.

Бұл бастама қазақстандық стартаптарға халықаралық аренада танылу мен даму үшін маңызды алаңға айналды.

Пікірлер 4

Кіру пікір қалдыру үшін

👍👍👍

Жауап беру

👍👍👍👍👍

Жауап беру

Citix - одна из лучших AdTech компании в мире, и топовый стартап из Казахстана. Интерсно, следить за их развитием 🔥

Жауап беру