Google for Startups және Astana Hub бірлескен бағдарламасының төртінші легінің қатысушылары анықталды

Google for Startups және Astana Hub ұсынған Silkway Accelerator бағдарламасы Орталық Азия, Моңғолия, Әзірбайжан және Грузияның жас IT-кәсіпкерлеріне қолдау көрсетуді жалғастыруда.


Инновацияларды дамытуға және нарыққа технологиялық шешімдерді енгізуге ұмтылатын стартаптардан Silkway Accelerator төртінші легіне 197 өтінім келіп түсті. Оның ішінде Қазақстан, Грузия, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Өзбекстаннан 15 үздік жоба таңдалды.

Құрамына Орталық Азия елдерінің сарапшылары мен Google for Startups өкілдері кірген арнайы комиссияның шешімімен финалға мына стартаптар өтті:

• ARLAN BIOTECH - таңдалған антиген үшін жоғары спецификалық синтетикалық нанодене реттілігін болжауға арналған SaaS AI/ML үлгілері (Қазақстан);

• Care Pay LLC – барлығына бірдей қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді көздейтін финтех шешімі (Моңғолия);

• Cleek.kz – персоналды және жұмысты жылдам іздеу қызметі (Қазақстан);

• Dalatech Systems – цифрлық технологияларды пайдалана отырып, біріктіру арқылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу тізбегін оңтайландыратын платформа (Өзбекстан);

• Gram – қолданушыларға таксиді оңай және ыңғайлы шақыруға, жөнелту және келу орнын белгілеуге, көлік түрін таңдауға және жол жүрудің алдын ала құнын білуге ​​мүмкіндік беретін мобильді қосымша (Тәжікстан);

• Growave – шағын және орта онлайн-дүкендерге тұтынушыларды жоғалтпауға  және сенімді әлеуметтік дәлелдер жасауға көмектесетін әмбебап маркетингтік бағдарламалық қамтамасыз ету (Қырғызстан);

• Metacog Metrics – геймификация арқылы жұмысқа қабылдау процесі (Моңғолия);

• Metaland Metaverse – виртуалды әлемдегі барлық нақты байланыс пен қызметтер (Моңғолия);

• Mystory – сыйлық алушы басты кейіпкерге айналатын жекелендірілген оқиғаларды жасайтын AI негізіндегі дербес сыйлық қызметі (Қырғызстан);

• OILA – 5-9 жас аралығындағы балаларға арналған интерактивті контент пен танымдық ойындары көп білім беру қосымшасы (Қазақстан);

• Proxymeta Labs – WEB3 жобаларына арналған алғашқы автоматтандырылған смарт келісім-шарт шешімдері (Грузия);

• Python RPA – кодсыз күнделікті процестерді автоматтандыруға арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, ШОБ клиенттерімен жұмыс істейтін жүйелік интеграторлар мен басқарылатын қызмет жеткізушілерге арналған (Қазақстан);

• Tastamat – тауарлар мен сәлемдемелерді жеткізуге арналған қарапайым және ыңғайлы қызмет (Қазақстан);

• TezTok – электромобильдерге арналған жетілдірілген зарядтау станциялары (Өзбекстан);

• ZebraEye – анықтау қиын және сирек кездесетін көз ауруларын диагностикалауға арналған жасанды интеллект негізіндегі медициналық бағдарламалық қамтамасыз ету (Қазақстан).

Silkway 2023 бағдарламасы барысында Astana Hub әрбір стартап команданың екі мүшесін баспанамен, шетелдік қатысушыларды визамен қамтамасыз етіп, сондай-ақ Google for Startups және Astana Hub оқу курстары мен менторлар ұсынады.

Еске салсақ, Қазақстан - Орталық Азиядағы Google for Startups жаһандық компаниясымен бірге акселератор жүргізетін бірінші және жалғыз мемлекет. Silkway Accelerator бірлескен бағдарламасының өткен жылғы екі легінің тиімділігі мен өнімділігін ескере отырып, Google for Startups 2023 жылы Astana Hub-пен эксклюзивті серіктестігін жалғастыратын болады.

Бағдарламаның бірінші, екінші және үшінші легінің жетістіктері туралы толығырақ astanahub.com платформасынан білуге болады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін