Astana Hub-та халықаралық IT-компаниялардың HR&маркетинг саласындағы тәжірибесі талқыланды
IT HR Community ірі IT-компаниялардың HR мамандары үшін «HRM дегеніміз не? Халықаралық компанияның рекрутингтегі тәжірибесі» тақырыбында кездесу өткізді.

Спикерлер, халықаралық DataArt компаниясының қызметкерлері Әлия Сайболатова мен Айгерім Сұлтан өз командасын мысалға ала отырып, рекрутингті PR-мен қалай сәтті үйлестіруге болатынын айтып, жеке тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара гибридті – офлайн және онлайн форматта өтті. Қатысушылар, Adicom2000, Samgau Holding, Kazdream, Tech Hub AIFC, IP Partners ЖШС, Halyk bank, I vizor, Crosslife, BI Group, VEHI.KZ ЖШС, iClinic, KAZAKH INVEST ҰК АҚ, Freedom Mobile/Freedom Drive, IP Partners, Kompra, SmarTestPrepHR сияқты IT-компаниялардың HR мамандары DataArt компаниясы HR мен marketing үйлестіре отырып, рекрутмент құралдарын дамыту үшін қандай құралдар мен технологиялар қолданатынын білді.
Еске салсақ, былтыр Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі мен EPAM Kazakhstan IT HR Community - персоналды басқару саласындағы сарапшылар мен мамандардың оффлайн және онлайн кездесулері үшін ашық платформа құру жөніндегі бірлескен жобаны іске қосқан болатын.
IT HR Community жобасы желіні дамытуға, тәжірибе алмасуға, HR іс-шараларын, оқыту бағдарламаларын өткізуге, шеберлік сабақтарын өткізуге, жылдам рекрутингке және т.б. бағытталған. Оның мақсаты – Astana Hub қатысушыларының персоналды басқару тиімділігін арттыру, сондай-ақ 2025 жылға қарай қазақстандық ІТ-қызметтердің экспортын 500 млн долларға жеткізуге ықпал ету.
Пікірлер 1
Кіру пікір қалдыру үшін
Батыржан Жапаров · Ақп. 26, 2023 20:37
Здравствуйте