AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумы аясында Astana Innovations Accelerator бағдарламасының Demo Day іс-шарасы өтті. Онда 17 стартап елорданың өзекті мәселелерін шешуге арналған жобаларын Астана қаласы әкімдігінің өкілдеріне таныстырды.
«Бағдарламаға деген қызығушылық технологиялық командалардың қала мәселелерін іс жүзінде шешуге ұмтылысын көрсетті. Акселераторға келіп түскен 354 өтінімнің ішінен 29 жоба іріктеліп, 18 команда бағдарламаны толық аяқтады. Қатысушылар 12 апта бойы қалалық басқармалармен тікелей жұмыс істеп, өз шешімдерін нақты жағдайда сынақтан өткізді, міндеттерді нақтылап, өнімдерін қаланың қажеттіліктеріне бейімдеді. Мұндай тәжірибе командаларға технологияны жетілдірумен қатар, оның қандай нақты пайда әкелетінін және оны әрі қарай енгізу үшін не қажет екенін түсінуге көмектеседі», — деді Astana Hub басқарушы директоры Танат Өскембаев.
Жобалар мегаполисті дамытудың негізгі бағыттарын — медицина, білім беру, қалалық инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіпсіздік, сондай-ақ қозғалысы шектеулі адамдарға арналған технологияларды қамтиды. Олардың қатарында:
QOLDAM — тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы берешекті өндіріп алу үдерісін автоматтандыруға және коммуналдық төлемдердің жиналу деңгейін арттыруға арналған цифрлық платформа.
Seer Labs — сенсорлардан алынған деректерді, тұрғындардың өтініштері мен пайдалану журналдарын талдау арқылы қалалық инфрақұрылымдағы ақаулар мен апат қаупін ерте анықтайтын AI-шешім.
ZhanCare.AI — белгілерді бастапқы бағалауға, қажетті маманды таңдауға, қабылдауға жазылуға және телемедицина қызметтерін алуға мүмкіндік беретін жасанды интеллект негізіндегі медициналық платформа.
Jinaq — оқушыларға мамандықты, жоғары оқу орнын немесе колледжді таңдауға қатысты жеке ұсынымдар беретін кәсіби бағдарлау AI-платформасы.
Taza Kazakhstan — AI негізіндегі тұрақтандыру жүйесі бар өнеркәсіптік дронның көмегімен ғимараттардың қасбетін жуатын сервис.
EpiQ AI — медициналық ұйымдардағы қорларды есепке алуға және медициналық бұйымдар мен реагенттерге деген қажеттілікті болжауға арналған жасанды интеллект платформасы.
Neuralese — жасанды интеллектіні тәжірибе жүзінде меңгеруге, бағдарламалау дағдыларынсыз нейрондық желілер құрып, оларды үйретуге мүмкіндік беретін платформа.
SkillPass — кәсіпорындарға еңбек қауіпсіздігі, өрт және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ санитариялық нормаларды сақтауға көмектесетін AI-платформа.
RIVIXI — коммуналдық желілердегі апаттарды болжауға, су ағатын жерлерді анықтауға және құбырлардың жай-күйін бағалауға арналған жасанды интеллект платформасы.
Tanu.AI — адамның әлеуетін бағалап, білім алу бағытын, мамандық пен мансап жолын таңдауға қатысты жеке ұсынымдар беретін AI-платформа.
EZPECS — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды есепке алуға және қолдауға арналған, мектептерді, медициналық және оңалту орталықтарын, сондай-ақ ата-аналарды біріктіретін бірыңғай платформа.
AIQALAM — жазбаша жұмыстарды тексеруді автоматтандыруға, қолжазба мәтінді тануға және үлгерімді талдауға арналған білім беру AI-платформасы.
APRIL HUB — балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтауға және бала мен отбасына қолдау көрсететін мамандарды табуға арналған платформа.
Parkline AI — электрондық көлік құжаттарын, тасымал биржасын, сақтандыру және қаржы сервистерін бір жүйеге біріктіретін жүк тасымалына арналған цифрлық платформа.
Úmit — бас пен тілдің қимылы арқылы цифрлық құрылғылар мен электрлі мүгедектер арбасын басқаруға мүмкіндік беретін интерактивті капа.
TrafficData — көлік пен жаяу жүргіншілер ағынын талдауға, көше-жол желісінің цифрлық егіздерін жасауға және жолдағы жағдайды болжауға арналған шешімдер.
EduQuality — білім сапасын басқаруға, ішкі мониторингті автоматтандыруға және есептілікті дайындауға арналған AI-платформа.
Командалар Астанада офлайн форматта жұмыс істеп, трекерлерден жеке қолдау алды, практикалық семинарларға қатысып, салалық сарапшылардан кеңес алды. Әкімдіктің бейінді басқармалары және оларға қарасты ұйымдармен өткен жұмыс кездесулерінде стартаптар өз өнімдерін қаланың нақты қажеттіліктеріне бейімдеді. Бағдарламаның екінші жартысынан бастап қатысушылар шешімдерін елорданың мемлекеттік мекемелерінде белсенді түрде сынақтан өткізуге кірісті. Astana Hub пен «Astana Innovations» АҚ бұл үдеріске жан-жақты қолдау көрсетті: жұмыс топтарын құрып, басқармалармен өзара байланысты үйлестірді және пилоттық жобаларды іске қосуға көмектесті.
«Стартаптармен жұмыс істеу барысында жаңа шешімдердің қалалық қызметтердің күнделікті жұмысына қалай қолданылатынын ескеру маңызды. Оларды сынақтан өткізу мүмкіндіктерін бағалауға, шектеулерін анықтауға және қандай өзгерістер енгізу керектігін түсінуге жол ашады. Бейінді басқармалармен бірлескен жұмыс нәтижесінде командалар нақты талаптарды айқындайды, ал қала технологияларды енгізу жөнінде шешім қабылдамас бұрын олардың тиімділігін бағалай алады», — деді «Astana Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.
Astana Innovations Accelerator — Астана қаласы әкімдігі, «Astana Innovations» АҚ және Astana Hub бірлесіп жүзеге асыратын бағдарлама. Оның аясында технологиялық командалар өз шешімдерін елорданың қажеттіліктеріне бейімдеп, нақты қала жағдайында сынақтан өткізеді.
AI & Digital Bridge 2026 Қазақстандағы Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өтіп, жасанды интеллект, цифрлық технологиялар, кәсіпкерлік және адами капиталды дамыту салаларындағы бастамаларды біріктірген AI MONTH іс-шаралар айының басты халықаралық оқиғасына айналды.
AI & Digital Bridge 2026 форумын Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және Астана қаласының әкімдігімен бірлесіп, Astana Hub халықаралық инновациялық кластері ұйымдастырды.
AI & Digital Bridge 2026 форумы серіктестердің қолдауымен демеушілік қаражат есебінен өткізілді.
Алтын серіктестер: Freedom Bank, Kaspi Bank, «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ.
Күміс серіктес: Halyk Bank.
Бизнес-серіктес: Beeline Қазақстан.
Қола серіктес: Yandex Qazaqstan.
Телекоммуникациялық серіктес: Freedom Telecom Operations.
Технологиялық серіктес: «Транстелеком» АҚ.
Ресми әуе серіктесі: Air Astana.