Өтінімдер 2026 жылдың 6 ақпанына дейін қабылданады.
Startup Garage – өз идеясын нақты өнімге айналдырып, алғашқы сатылымға шығуға дайын командалар үшін жасалған. Үш айдың ішінде қатысушылар гипотезаларын тексеріп, мақсатты аудиториясын анықтайды және тұрақты бизнес-модель қалыптастырады.
«Біз үшін идея ғана емес, нақты нәтиже маңызды. Стартап жай ғана бар болып қоймай, табыс әкеліп, дамуы керек. Біз өнімді тез сынап көруге мүмкіндік беретін құралдар ұсынамыз. CYBERPACK.AI командасының нәтижесі – соның айқын дәлелі: инкубация барысында олар он есе өсіп, Әзербайжан нарығына шықты. Біз өнімін жетілдіруге және сатылымға шығуға дайын командаларды күтеміз», – деді Astana Hub бизнес бағдарламалар кеңсесінің директоры Әшімбек Әбілғазинов.
Бағдарлама аясында апталық воркшоптар, IT-нарық көшбасшыларынан дәрістер, трекерлермен жеке консультациялар өткізіледі. Қатысушылар Lean Startup, HADI, SMART әдістемелерін меңгеріп, нарықты терең талдауды, NoCode құралдарын қолдануды және үлкен шығынсыз сатылым ұйымдастыруды үйренеді. Бағдарлама соңында Demo Day өтіп, іс-шара барысында үздік жобалар өз шешімдерін инвесторларға таныстырады.
Бағдарламаның тиімділігі қатысушылардың 2025 жылы көрсеткен нәтижелерімен дәлелденді. Атап айтқанда, 302 қатысушының 77 жобасы финалға өтті. Олар жалпы сомасы 130,9 млн теңгеге сатылым жасап, $300 мың көлемінде инвестиция тартты және 46 жаңа жұмыс орнын құрды.
Бағдарламаға қатысу талаптары:
- Startup Academy сертификатының болуы;
- 18 жастан асқан, ЖСН және ЭЦҚ-ның болуы;
- Жобада IT-құрамдастың болуы;
- Жобаның MCI немесе MVP сатысында болуы.
Startup Academy бағдарламасы технологиялық кәсіпкерлікке кешенді білім береді және Lean Startup әдістемесі негізінде стартапты кезең-кезеңімен құруға көмектеседі. Оқу курсы әлемдік акселераторлардың тәжірибесіне сүйенеді.
Startup Garage бағдарламасының бесінші легіне қатысу шарттары мен өтінім беру тәртібі туралы толық ақпаратты Astana Hub-тың ресми платформасынан білуге болады.