Біз Tech Orda курсын тәмамдамай тұрып, маркетинг саласынан Product Management бағытына ауысқан бағдарлама түлегі Амирамен әңгімелестік. Сұхбат барысында ол кәсіби жолындағы өзгерістер, негізгі қиындықтар және бағдарламада алған білімін қазіргі уақытта B2B-өнімдер мен AI-агенттерді жасауда қалай іске асырып жатқанымен бөлісті.
Амира, Tech Orda бағдарламасына қатысқанға дейін немен айналыстыңыз және қазір қайда қызмет етесіз?
— Tech Orda-ға дейін маркетинг және жобаларды басқару саласында жұмыс істедім. Ірі халықаралық брендтермен серіктес болып, венчурлық экожүйе жобаларына атсалыстым. Ал бүгінде Documentolog компаниясында Product Manager-мін. Мұнда бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған B2B-өнімдер мен AI-агенттерді дамытумен айналысамын.
IT саласына келуіңізге не түрткі болды?
— Бұл бағытты саналы түрде таңдадым. Ең бастысы — адамдардың нақты түйткілдерін шешетін өнімдер жасауға ұмтылдым. Product Management маған технологияға деген қызығушылығым мен бұрынғы тәжірибемді біріктіріп, жаңа салада өсуіме жол ашты. Tech Orda болса, білімімді бір жүйеге келтіріп, жаңа мамандыққа сенімді түрде ауысуыма үлкен септігін тигізді.
Оқу барысы қалай өтті?
— Оқу бағдарламасы алты айға созылды. Біздің лекте 104 студент оқыды, ал бағдарлама соңында мен үздік бестіктің (топ-5) қатарына қосылдым. Әр апта сайын жаңарып тұратын лидерборд үнемі дамып, алға ұмтылуға керемет мотивация берді. Мен тапсырмаларды жай ғана орындап қоймай, барынша ұтымды шешімдер табуға тырыстым. Тіпті кейбір жұмыстарымды бүкіл лекке үлгі ретінде көрсетіп, талдайтынбыз. Ал мен үшін ең құндысы — мұнда алған білімімді сол сәтте-ақ іс жүзінде қолдана алуым дер едім.
Сіз үшін ең үлкен сынақ не болды?
— Ең қиыны - кеңседегі жұмыс пен екі бірдей оқуды қатар алып жүру болды. Жұмыстан шыға сала дәрістерге, үй тапсырмалары мен тесттерге кірісетінмін. Осындай тығыз жүктемемен өткен 26 аптаның ішінде тәртіп, жүйелілік пен бастаған істі аяғына дейін жеткізе білудің қаншалықты маңызды екеніне тағы бір мәрте көзім жетті. Мен бұл оқуға кәсіби өсуімнің келесі сатысына құйылған инвестиция ретінде қарадым.
Tech Orda сіздің кәсіби жолыңызға қалай әсер етті?
— Мен оқуды толық аяқтамай жатып-ақ Product Management бағытына ауысып үлгердім. Оқудың үшінші айынан бастап негізгі қызметіммен қатар, жұмыстағы өнімге қатысты міндеттерді де қоса атқара бастадым. Ал бесінші айда Product Manager позициясына оффер алып, басқа бөлімге ауыстым. Tech Orda бағдарламасынан алған білімім жаңа қызметіме жылдам бейімделуіме үлкен көмегін тигізді.
Бүгінде қандай бағытта жұмыс істеп жүрсіз?
— Бүгінде мен бизнес-процестерді автоматтандыруға арналған B2B-өнімдері мен AI-агенттерді дамытумен айналысамын. Жұмысты ең алдымен процесті зерттеуден бастаймын: оның қалай құрылғанын, қай тұста қиындықтар туындайтынын және қай кезеңдерді автоматтандыруға болатынын сараптаймын. Содан кейін қандай міндеттерді AI-ға табыстап, қай жерде адамның қатысуы міндетті екенін анықтаймын. Осыдан соң, кросс-функционалды командамен бірлесе отырып, идеяларымызды дайын өнім шешімдеріне айналдырамыз.
IT саласына енді ғана қадам басқалы жүрген жандарға қандай кеңес берер едіңіз?
— Алдымен мамандықты таңдап алыңыз, оқуды содан кейін ғана іздеген жөн. Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарын зерттеңіз, сала мамандарымен тілдесіп, курс басталмас бұрын бірнеше нақты тапсырманы орындап көріңіз. Сонда ғана бұл бағыттың сізге шынымен сәйкес келетін-келмейтінін нақты түсінесіз. Және бұған дейін жинаған тәжірибеңізді ешқашан жоққа шығармаңыз. Өз басымда маркетинг пен жобалық менеджмент саласындағы білімім Product Management-ке ауысуым үшін өте жақсы негіз болды.
Амираның жолын сіз де қайталай аласыз. Өзіңізге қызық бағытты таңдап, Tech Orda бағдарламасына өтінім қалдырыңыз - бәлкім, дәл осы қадам IT саласындағы кәсіби жолыңыздың бастамасы болар.