Жаңа легтің басталуы маусым айына жоспарланған. Алғашқы кезеңде бағдарлама Қазақстанның 6 қаласын қамтиды: Ақтау, Қостанай, Петропавл, Көкшетау, Ақтөбе және Талдықорған. Қатысуға 16 жастан асқан кез келген адам өтініш бере алады, оқу толықтай тегін.
Startup Orda – бұл өңірлік хабтарда өтетін қарқынды офлайн бағдарлама. Мұнда қатысушылар идеядан бастап, алғашқы жұмыс істейтін өнімді (MVP) жасауға дейінгі жолдан өтеді. Бағдарламада тәжірибелік воркшоптар, трекерлер мен сарапшылардың қолдауы, бизнес-модель құру және идеяларды тексеру қарастырылған.
«Бұл – жай ғана оқу емес, қысқа уақытта кәсіпкерлік ойлау қалыптасатын орта. Қатысушылар тәжірибе жасап, қателіктер арқылы үйренеді және трекерлермен бірге жұмыс істейді. 2026 жылғы алғашқы легтің үздік стартаптары Digital Bridge халықаралық алаңындағы Startup Alley-ге қатысуға және Astana Hub Battle жартылай финалына өтуге мүмкіндік алады», – деді Astana Hub өңірлік даму кеңсесінің директоры Диан Айбашпанов.
Бағдарламаның тиімділігі түлектердің жетістіктерінен көрінеді. Мысалы, Қызылордадан шыққан Cortex AI стартабы Digital Qazaqstan Battle 2026 байқауында екінші орын алып, 5 млн теңге жүлде жеңіп алды. Бұл жоба – бүйрек трансплантациясынан кейінгі асқыну қаупін болжайтын жасанды интеллект жүйесі.
Ал қостанайлық EpiQ AI жобасы зертханаларға сатып алуды жоспарлауға, реагенттерді бақылауға және қажеттілікті болжауға көмектеседі. Жоба авторы – 2025 жылғы Startup Orda түлегі Диана Майлыханова. Қазір команда Қостанай облысындағы үш зертханамен пилоттық жобаны іске қосу туралы келісімге жақын.
Startup Orda бағдарламасы жас кәсіпкерлер арасында үлкен сұранысқа ие. Алдыңғы легте ел бойынша 752 өтініш түсіп, оның 205-і финалға дейін жеткен.
Бүгінде Startup Orda Қазақстанда жаңа буын технологиялық кәсіпкерлерін қалыптастырып, елдің Орталық Азиядағы инновациялық орталық ретіндегі орнын нығайтып келеді.