Азат 31 жаста. «Tech Orda» бағдарламасы бойынша оқымас бұрын ол жүйелік әкімші болып жұмыс істеді: сервер мен желілік инфрақұрылымға, техникалық қолдауға және компанияның басқа да ішкі IT-процестеріне жауап берді. Оның жұмысы бұрыннан да технологиялармен байланысты болғанына қарамастан, Азат әрі қарай дамығысы келді, ауқымдырақ міндеттерді шешіп, бизнес-процестерді цифрландыруға қатысуды көздеді.
Алты айлық онлайн-оқыту оған білімін жүйелеуге, тәжірибе жинақтауға және IT-архитектура саласында жұмыс істей бастауға мүмкіндік берді. Біз Tech Orda түлегімен оқуға түсу, оқуды жұмыспен қатар алып жүрудің қиындықтары және курс аяқталғаннан кейін кәсіби жолдың тек енді басталатыны туралы әңгімелестік.
— Tech Orda бағдарламасына қатыспас бұрын немен айналыстыңыз?
— Мен қазір де жұмыс істеп жатқан компаниямда жүйелік әкімші болып жұмыс істедім. Техникалық бөлімге: серверлік және желілік инфрақұрылымға, техникалық қолдау көрсетуге және басқа да ілеспе міндеттерге жауап бердім.
Мен қазірдің өзінде IT саласында жүрдім және осы бағытта өз бетімше дамыдым, бірақ толыққанды оқуға әрқашан уақытым жете бермейтін.
— Кәсіби бағытыңызды неліктен өзгеруді шештіңіз?
— Бір орында тұрып қалғым келмеді. Қазақстандағы IT саласы қарқынды дамып келеді, жаңа бағыттар мен мүмкіндіктер пайда болуда. Қандай da бір сәтте бұрынғы орнымда белгілі бір кәсіби шегіме жеткенімді және әрі қарай жылққым келетінін түсіндім.
Көп нәрсе адамның өз өзіне байланысты. Егер ол шынымен де дамығысы келсе, тәуекел етуге, оқуға және соған уақыт бөлуге дайын болса, онда өз кәсіби бағытын өзгерте алады. Мен үшін бұл оқу келесі қадамды жасауға мүмкіндік болды.
— Оқу барысында сізге ерекше ұнағаны не болды?
— Ең алдымен — практикаға бағытталғаны. Ментор үнемі байланыста болып, түрлі тапсырмаларды қалай орындау керектігін нақты мысалдармен көрсетіп отырды. Бұл жай ғана теория жаттап алу емес — алған білімімізді іс жүзінде қалай қолдануға болатынын сол сәтте-ақ көріп отырдық.
Сонымен қатар, мектепте қалыптасқан орта да ерекше ұнады. Кураторларымыз бен оқытушыларымыз өте мықты болды, ал қатысушылардың барлығы кәсіби түрде дамуға құштар еді. Осындай орта оқуды әрі қарай жалғастыруға үлкен құлшыныс (мотивация) берді.
— Ең қиыны не болды?
— Басында ең қиынға соққаны — оқуға қабылдану болды. Мен қатысушылар қатарына өзімнің ынта-жігерімді дұрыс жеткізіп, бұл мүмкіндіктің мен үшін неліктен маңызды екенін түсіндіре алғанымның арқасында қосыла алдым. Осыдан кейін барып маған іріктеудің бірінші кезеңіне қатысуға рұқсат берді.
Ал оқу барысындағы басты қиындық — сабақ пен жұмысты қатар алып жүру болды. Жұмыстағы міндеттерді орындаумен қатар, оқуға да уақыт табу керек еді. Бағдарлама алты айға созылды, сондықтан жарты жолда тоқтап қалмау өте маңызды болды. Кейбір қатысушылар үш-төрт айдан кейін оқуды тастап кетіп жатты, сол себепті қарқынды бәсеңдетпей, соңына дейін жету мен үшін басты мақсат болды.
— Tech Orda бағдарламасы кәсіби жолыңызға қандай өзгеріс әкелді?
— Осы оқудың арқасында жаңа қызметке ауысып, IT-архитектура саласында жұмыс істей бастадым. Бұған дейін де IT-да практикалық тәжірибем болған, бірақ нақты арнайы білім мен оны растайтын құжат жетіспей жүрген еді. Сондықтан кәсіби тұрғыда жаңа сатыға өтуіме Tech Orda басты себептердің (түрткілердің) бірі болды.
Бір сөзбен айтқанда, бұл бағдарлама маған қажетті іргетасты қалап, мансабымда келесі қадамды жасауға көмектесті деуге болады.
— Қазіргі міндеттеріңіз бұрынғы атқарған жұмыстарыңыздан несімен ерекшеленеді?
— Қазір мен автоматтандыру және цифрландыру процестерімен айналысып жүрмін. Міндеттерім күрделеніп, ауқымы кеңейді әрі жауапкершілігі де артты. Ендігі жерде тек дайын инфрақұрылымның қалыпты жұмысын қамтамасыз етіп қана қоймай, IT-жүйелер мен архитектураны дамытуға қатысты шешімдер қабылдауға да араласамын.
Бұл бағыттағы жұмыс барлық процесті тұтастай (кешенді түрде) түсінуді талап етеді: яғни, тек белгілі бір техникалық міндетті ғана емес, ұсынылып отырған шешімнің тұтас жүйеге қалай әсер ететінін де бағамдай білу қажет.
— IT саласында мансабын бастағысы келетіндерге немесе Tech Orda бағдарламасына өтінім беруді жоспарлап жүргендерге қандай кеңес берер едіңіз?
— Еш қорықпай, алғашқы қадамды жасауға кеңес берер едім. Өтінім берген бойда нәтиже бірден көріне қоймауы мүмкін, десе де қабылданған әрбір шешім сізді мақсатыңызға жақындата түседі.
Дегенмен, курсты бітіре сала бірден жұмысқа тұрып кетемін деу қате екенін, оған ешкім кепілдік бермейтінін түсіну маңызды. Оқу аяқталған соң да өз бетіңізбен дамуды жалғастырып, түрлі мүмкіндіктерді іздестіріп, сұхбаттардан өтіп, алған біліміңізді іс жүзінде дәлелдеуге тура келетін кезең басталуы мүмкін.
Әсіресе іргелі негіздерге (базаға) баса назар аударған жөн. Барлық жобалар мен әзірлеу (разработка) процестері нақ осыларға негізделіп құрылады. Архитектура, рефакторинг және басқа да күрделі техникалық шешімдер уақыт өте келеді. Ал мықты іргетас, яғни берік база болмаса, әрі қарай жылжу айтарлықтай қиынға соғады.
Ең бастысы — курсты бітіргеннен кейін тоқтап қалмау керек. Оқу тек білім мен бағыт-бағдар ғана береді, ал одан арғы нәтиже адамның тек өзіне ғана байланысты.
Tech Orda бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау 21 қыркүйекке дейін жалғасады. Өтінім беріп, қатысу шарттарымен Astana Hub платформасында танысуға болады.