Бағдарламалауды өз бетінше оқып, жобаларды басқарудан бастаған Ахмед бүгінде продакт-менеджер ретінде цифрлық өнімдерді дамытып жүр. Біз Tech Orda бағдарламасының түлегімен сұхбаттасып, оқудың оған білімін жүйелеуге, жеке қосымшасын жасап шығаруға, өз легінде топ жарып, озық AI шешімдерімен жұмыс істеуге қалай септігін тигізгенін сұрап білдік.
Ахмед, Tech Orda-ға қатысқанға дейін немен айналыстыңыз?
— Бағдарламаға қатысқанға дейін су жеткізетін жеке кәсібім болды. Сонымен қатар IT саласына алғашқы қадамдарымды жасай бастадым: iOS бағдарламалауды өз бетімше меңгеріп, кейін таныстарымның командасында қашықтан жоба менеджері болып жұмыс істедім. Мұндағы мақсатым — жобаларды басқару бойынша практикалық тәжірибе жинау және ішкі процестерді тереңірек түсіну еді.
IT саласын таңдап, Tech Orda бағдарламасына өтінім беруге не түрткі болды?
— Әрі қарай дамып, ауқымды цифрлық өнімдермен жұмыс істегім келетінін түсіндім. Сонымен қатар, продакт-менеджмент бағытында өз әлеуетімді толық ашқым келді.
Tech Orda бағдарламасы туралы көптен бері білетінмін. Бұған дейін де грант ұтып алған едім, бірақ жеке жағдайларға байланысты оқуды бастай алмадым. Ал қайта өтінім беруге мүмкіндік туғанда, бұл қадамға нақты мақсатпен бардым: білімімдегі олқылықтардың орнын толтырып, жинаған тәжірибемді жүйелегім және мықты кәсіби іргетас қалағым келді.
Оқу қалай өтті және бұл бағдарламаның сіз үшін ең құнды тұсы қандай болды?
— Оқу процесі өте қарқынды әрі толықтай практикаға негізделді. Мен үшін ең құндысы — продакт-ойлауға деген жүйелі көзқарас болды. Яғни, пайдаланушылардың мәселелерін анықтау мен гипотезаларды тексеруден бастап, метрикалармен жұмыс істеу және шешімдер архитектурасын жобалауға дейінгі процестерді терең түсіндім. Оқу барысында ағылшын тілін үйренуге арналған Aloma атты жеке мобильді қосымшамды әзірлеп шықтым. Бұл қосымша контентті адамның қызығушылығы мен кәсіби саласына қарай бейімдейді. Жобам жай ғана оқу тапсырмасы күйінде қалып қойған жоқ: қазіргі таңда ол ресми түрде жарық көріп, App Store дүкенінде қолжетімді.
Оқу кезінде қандай қиындықтар кездесті және оларды қалай шештіңіз?
— Ең басты қиындық — жүктеменің көптігі мен уақыттың тапшылығы болды. Әсіресе қорытынды қорғау алдындағы кезең нағыз сынаққа айналды: жобаны егжей-тегжейлі пысықтап шығу үшін үш тәулік бойы небәрі 3-4 сағат қана ұйықтадым. Бұл жүктемені еңсеруге нақты мақсат пен тәртіп көмектесті. Нәтижесінде төккен тер ақталып, қазылар алқасының бағалауы бойынша өз легімде бірінші орын алдым.
Бағдарламаны аяқтағаннан кейін қол жеткізген ең басты нәтижеңіз қандай?
Ең басты нәтиже — мансабымдағы айтарлықтай өсу болды. Оқу кезінде мен бір компанияда қызмет етіп жүрген едім, ал мұнда алған білім мен дағдыларымның арқасында сол ұйымның ішіндегі өнім бөліміне продакт-менеджер позициясына ауыстым. Жаңа қызметпен бірге жалақым да өсті. Бұл мен үшін оқудың тек білім беріп қана қоймай, мансап жолында жаңа мүмкіндіктерге есік ашатынының нақты дәлелі болды.
Алған біліміңіз бен дағдыларыңызды қазіргі жұмысыңызда қалай қолданып жатырсыз?
Қазіргі таңда толыққанды продакт-менеджер қызметін атқарып, алған дағдыларымды күнделікті іс жүзінде қолданып жүрмін. Яғни, өнімге қатысты гипотезаларды қалыптастырып, оларды тексеремін, жаңа функцияларды жобалап, нарыққа шығарамын.
Ең үлкен жүйелі міндеттердің бірі — өнімнің жаңа аналитикалық қабатын нөлден бастап өзім жобалап, құрастырып шығу болды. Ал қазір алдымда бұдан да ауқымды әрі технологиялық тұрғыдан күрделі сынақ тұр: жасанды интеллектінің озық технологияларын өнімімізге енгізу үшін сыртқы провайдерлермен және AI-шешімдері бойынша өнім берушілермен тікелей жұмыс істеп жатырмын.
Индустрияның алдыңғы қатарында жүріп, болашақтың технологияларымен жұмыс істеу және нарықта жаңа стандарттар қалыптастыратын шешімдер жасау — мен үшін өте құнды тәжірибе.
Tech Orda бағдарламасының болашақ қатысушыларына қандай кеңес берер едіңіз?
Оқуға құр бақ сынау үшін емес, айқын мақсатпен келу керек. Әр модульдің бар пайдасын бойға сіңіріп, қиын практикалық тапсырмалардан қорықпаңыздар. Нәтиже тек сіздің ынта-жігеріңіз бен тәртібіңізге байланысты болатынын естен шығармаған жөн.
Үздіксіз білім алу — ой ұшқырлығын сақтап, үнемі дамып, нарықта сұранысқа ие маман болып қалудың ең таптырмас жолы.
Tech Orda бағдарламасы туралы толығырақ ақпарат алып, өтінім қалдыру үшін жобаның ресми парақшасына өтіңіз.