Бұл жазба автоматты түрде аударылған. Бастапқы тіл: Қазақ
Бұл – микро құлаққап қолданып, емтиханға келетіндерді анықтайтын детектор. Қазақстанда оның көмегімен жүргізуші куәлігіне тест тапсыратындарды тексереді. Құрылғыға Ұлыбританияның білім және көлік министрліктері де қызығушылық танытып отыр.
Ерсұлтан Ерманов, стартап жобаның негізін қалаушы:
Біз ұсынған шешім тендерге түсіп жатқан өзге компаниялардың өнімдерінен 12 есе арзан. Сапа жағынан да бәсекеге қабілетті.
«Астана Хаб» халықаралық технопаркі Лондонға отандық 4 стартап алып келді. Мақсаты – олардың әлеуетін көрсетіп, венчурлық инвесторлар табуға ықпал ету.
Құралай Байменова, «Астана Хаб» инновациялық кластерінің өкілі:
"Қазақстан туралы, біздің IT парк, технопарк туралы сұрап жатыр".
London Tech Week – инвесторлар мен стартаптарды біріктіретін халықаралық жиын. Биыл ол 125 елден 30 мыңға жуық қатысушының басын қосты.
Дереккөз: qazaqstan.tv