Қазақстандағы Цифрландыру жылы аясында халықаралық технологиялық «AI & Digital Bridge 2026» форумында өтетін жыл сайынғы «AI & Digital Bridge Awards» байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Бұл марапат жасанды интеллект, цифрлық технологиялар мен цифрлық трансформацияны дамытуға елеулі үлес қосқан үздік жобаларға, компаниялар мен көшбасшыларға табысталады. Марапаттау рәсімі форумның ресми бағдарламасы аясында өтеді.
Жеңімпаздардың есімі 2026 жылғы 3 қазанда Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында жарияланады.
2026 жылы жеңімпаздар төмендегідей номинациялар бойынша анықталады:
- Жылдың үздік GovTech жобасы
- Жылдың үздік білім беру жобасы
- Жыл стартабы
- Жылдың үздік корпоративтік AI-трансформациясы
- Жылдың халықаралық серпілісі
- Үздік корпоративтік венчурлық қор
- Креативті индустрия саласындағы үздік жоба
Жасанды интеллект және цифрлық технологиялар саласындағы жобаларды жүзеге асырып жатқан компанияларды, стартаптарды, білім беру ұйымдарын, бизнес өкілдері мен технологиялық командаларды байқауға қатысуға шақырамыз.
Өтінімдер 2026 жылғы 6 қыркүйекке дейін қабылданады.
Өтінімді AI & Digital Bridge 2026 форумының ресми сайтында немесе мына сілтеме арқылы қалдыра аласыз: https://form.digitalbridge.ai/form/view/246512
AI & Digital Bridge» — жасанды интеллект пен цифрлық экономиканы дамытудың негізгі бағыттарын талқылау мақсатында мемлекет, бизнес, халықаралық ұйымдар өкілдерінің, сондай-ақ инвесторлар, зерттеушілер мен технологиялық компаниялардың басын қосатын Еуразиядағы ең ірі технологиялық форум. Форум 2026 жылғы 1–3 қазан аралығында Астана қаласында өтеді.