Ozim Platform стартабының негізін қалаушы (Astana Hub резиденті) Әсем Тәжиева Er10.media сайтына Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік стартаптың бірі қалай пайда болғаны және оның ата-аналарға қалай көмектесетіні туралы айтып берді.
«Біз стартап құруға ғылыми тұрғыдан қарадық. Бастапқыда Қазақстанның түрлі аймағында бұл мәселенің қаншалықты күрделі екенін және ата-аналарға мұндай алаң қаншалықты қажет екенін түсіну үшін фокус-топтармен сұхбат жүргіздік. Зерттей келе бұл Қазақстан мен көршілес елдер үшін өте өткір және өзекті мәселе екенін түсіндім.
Стартаптың идеясы – ерекше қажеттігі бар балалардың ата-аналарына пайдалы ақпарат беру. Оның негізі ғылыми негізделген мәліметтер мен фактілер болды. Алаяқтар ерекше балалары бар отбасыларды алдап, керемет түрде сауығып кететініне уәде беріп, басқа адамдардың қайғысы мен мәселесінен көп ақша табатынын білгенде біраз таңғалдық», – деді Әсем Тәжиева.
Толығырақ er10.kz сайтынан оқыңыздар.