Astana Hub Вattle жеңімпаздары Digital Bridge 2022 алаңында $18.000 алды

29 қыркүйекте Digital Bridge 2022 халықаралық форумының алаңында Astana Hub Battle технологиялық стартаптар жарысы өтті. Орталық Азия елдерінен келген 97 компания $10 000 (1 орын), 5 5 000 (2 орын), 3 3 000 (3 орын) сомасына өздерінің IT-өнімін дамытуға арналған ақшалай чектер үшін жарысты.


Финалға үздік 10 стартап таңдалды - Easy Tap, MedData.ai, NBfit, iDOS Games, MonSpark, Hero’s Journey, BEEP, MultiCode, Cybionix, Loca. Байқаудың финалына 800 көрермен келді. 

Астана Hub Battle 2022 жарысының жеңімпаздары: 

1 орын - NBfit стартабы —әйелдерге денсаулықты сақтауға және босанғаннан кейін қалпына келтіруге көмектесетін қырғыз фитнес қызметі. Негізін қалаушы - Сырға Тілекова. 

2 орын - Easy Tap стартабы — бөлшек саудада және қонақ үй бизнесінде жартылай жұмыспен қамтылған қызметкерлерге тапсырыс беруге арналған қазақстандық онлайн-сервис. Негізін тең қалаушы-Мағзұм Төлеш. 

3 орын - Cybionix стартабы - жұмысшы мамандықтары үшін қашықтағы еңбек метаверсін құруына арналған қазақстандық сервис. Негізін қалаушы-Петр Неустроев. 

Үздік жоба атағы үшін масштабталатын жұмыс прототипі және кем дегенде екі негізгі қатысушысы бар командасы бар стартаптар күресті. Биылғы жылы қатысуға Орталық Азия елдерінен 250-ден астам өтінім берілді.

Форумның бас демеушісі – Kaspi.kz. Форумның демеушілері мен серіктестері -  Қазақтелеком, Freedom bank, Теңізшевройл, MyCar, Tech culture, Huawei, G42, Halyk Bank, Bigroup, Prime source, Glovo, SF, Leica, BI Group, OneWeb, Citix.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін