«Cpfed CodeGirls 2024» олимпиадасының жеңімпаздары EGOI 2024-ке қатысу үшін Қазақстан құрамасы қатарына енді

Спорттық бағдарламалау федерациясы Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркінің қолдауымен ұйымдастырған «Cpfed CodeGirls 2024» қыздар арасындағы спорттық бағдарламалау чемпионатының тартысқа толы финалдық кезеңі аяқталды.


Бұл бастама информатика саласындағы гендерлік теңдікті ілгерілету, қазақстандық қыздарды информатика бойынша ұлттық және халықаралық олимпиадаларға қатысуға дайындау жолындағы маңызды қадам болды. Екі күн бойы Астана зияткер жарыстардың орталығына айналды, мұнда Қазақстанның түкпір-түкпірінен іріктеу турларынан өткен қыздар спорттық бағдарламалау дағдылары бойынша жарысты. Ақтық мәре толқу мен тамаша жетістікке толы болды. Қарқынды күрестің нәтижесінде, Қазақстан құрамасы қатарына қосылып, еліміздің атынан European Girls Olympiad in Informatics (EGOI 2024) жарысына қатысатын 4 үздік қатысушы анықталды.

Спорттық бағдарламалау – бағдарламалау тілінің бірінде шешімді жүзеге асыруды талап ететін алгоритмдік есептерді шешуге арналған интеллектуалды спорт түрі.

«Cpfed CodeGirls 2024» чемпионатының нәтижелері мынандай:

Баймұхамбетова Аружан Қадырханқызы, 6-сынып, Алматы қаласы Flagman мектебі;

Тұрғанбаева Тамила Ерденқызы, 10-сынып, Астана қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі;

Исаева Анита Даниловна, 8-сынып, Алматы қаласы Республикалық физика-математика мектебі;

Қасенова Арай, 11-сынып, Алматы қаласы Haileybury Almaty мектебі оқушылары 3-дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Бақытжан Әсемай Мамайқызы, 10-сынып, Қызылорда облысының «Білім-Инновация» лицейі;

Нұрхаят Талғатқызы, 10-сынып, Ақтөбе облысының «КЕМЕЛ БІЛІМ» мектеп-интернаты;

Жаннұр Бауыржанқызы, 9-сынып, Қызылорда облысының «Білім-Инновация» лицейі оқушылары 2-дәрежелі дипломдар алды.

Исхакова Даяна Дидарқызы, 11-сынып, Алматы қаласының Республикалық физика-математика мектебі оқушысы чемпионат жеңімпазы атанды. Айта кетейік, Даяна Исхакова, Әсемай Бақытжан, Нұрхаят Талғатқызы мен Жаннұр Бауыржанқызы 21-27 шілде аралығында Нидерланды, Эйндховен қаласында өтетін European Girls' Olympiad in Informatics (EGOI 2024) көрмесінде Қазақстан атынан қатысады. Қазақстан құрамасының EGOI-ге қатысуына демеушілікті Спорттық бағдарламалау федерациясының бас серіктесі Freedom Holding Corp. көрсетті.

EGOI (European Girls' Olympiad in Informatics) – қыздардың информатикаға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған беделді жарыс. Байқау информатика бойынша халықаралық олимпиада (IOI) ережелері мен форматы негізінде өткізіледі. EGOI-де әр елді 4 мектеп оқушысынан құрылған  команда таныстырады.

Astana Hub пен Freedom Holding Corp. Қазақстанның IT-экожүйесін дамытуға және жас таланттарды шабыттандыруға үлес қосып келеді. Мұндай бастамаларды қолдау қыздарға технологиялар мен информатика әлемінде өзін танытуға мүмкіндік беріп, инновациялық және тең құқылы қоғамның дамуына ықпал етеді. Дарынды бағдарламашыларымыздың болашағы жарқын және табысты болатынына сенеміз.

Спорттық бағдарламалау федерациясы – халық арасында спорттық бағдарламалауды насихаттап-дамытуға, сондай-ақ түрлі жарыстарда қазақстандық ойыншылардың нәтижелерін жақсартуға бағытталған бейінді ұйым.

Пікірлер 2

Кіру пікір қалдыру үшін