ҚР Хорватиядағы Елшісі компанияларды Astana Hub-пен ынтымақтастық орнатуға шақырды
2024 жылғы 10-12 қыркүйекте іскерлік және мәдени байланыстарды тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Хорватиядағы Елшісі Ақылбек Камалдинов Хорватияның оңтүстік аймағының астанасы Сплит қаласына жұмыс сапарды жасады. Ол өз сөзінде компания басшыларын Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі халықаралық технопаркі – Astana Hub-пен ынтымақтастыққа шақырды.
Сплит қаласының мэрі Ивица Пульякпен кездесу барысында экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды белсендіру жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Елшісі Сплит басшылығын Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған басым әлеуметтік-экономикалық шаралар мен бастамалар туралы хабардар етті. Азаматтардың тұрмысын жақсартуды мақсатында салық жүйесін қайта жүктеу көзделгені, шағын және орта бизнесті қолдау, ауыл шаруашылығы өнеркәсібі дамыту және көлік инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу, Қазақстан экономикасының басым секторларында инвесторлар үшін преференциялар мен субсидиялар беру бойынша одан әрі шаралар әзірленіп жатқаны аталды.
Қазақстандық дипломат Сплиттегі Қазақстанның құрметті консулдығын қолдағаны үшін қала басшылығына алғысын білдірді. Сапар барысында Елші Қазақстанның жаңадан тағайындалған Құрметті консулы Круно Пероньяға консулдық патент тапсырды. Құрметті консулдықтың қызметі сауда-экономикалық байланыстарды жандандыруға, екі ел арасындағы туристік, білім беру және мәдени алмасуларды кеңейтуге ықпал ететіні атап өтілді. Сондай-ақ, тараптар жыл сайын 5 миллионнан астам шетелдік туристер келетін Сплит қаласының тарихи бөлігінде Қазақстанның инвестициялық және туристік әлеуеті көрмесін өткізу мүмкіндіктерін талқылады.
Сауда-өнеркәсіп палатасының басшылығымен және өңірдің бизнес-топтарымен кездесулерде Қазақстанның экспорттық мүмкіндіктері, шетелдік инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары, бизнес-ынтымақтастық үшін перспективалық бағыттар, сондай-ақ тұтастай алғанда ҚР дамуының экономикалық моделі таныстырылды.
Қазақстандық Елші Хорватиядағы ірі технологиялық парктің индустриялық нысандарымен және ғылыми-технологиялық базасымен танысты. Хорватиялық IT-мамандар бизнес-орта мен мемлекеттік процестердің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ көлік, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, білім беру, әділет, сауда, қаржы, телекоммуникация, құрылыс сияқты салаларда ШОБ шығындарын оңтайландыруға бағытталған бағдарламалық қамтамасыз ету және ақпараттық технологияларды енгізу саласындағы озық әзірлемелерді таныстырды. Тендерлер бойынша ақпарат алмасу және бірлескен іскерлік жобаларды іске асыру туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Дереккөз: ҚР Хорватиядағы Елшілігі
Пікірлер 8
Кіру пікір қалдыру үшін
Almas Urazbekov · Қаз. 20, 2024 10:52
Нам тоже есть чему учить и учиться у других.
Наталья Агишева · Қыр. 28, 2024 08:55
👍👍👍👍👍💥
Alizhan Nurgazy · Қыр. 24, 2024 07:53
👍👨🏻💻✨
Nursultan Kabenov · Қыр. 17, 2024 15:21
👍
Lain Iwakura · Қыр. 17, 2024 14:56
Nice
БЕХРУЗ ТОХТАМИШОВ · Қыр. 17, 2024 13:08
💥💥
Alexandr Timofeyev · Қыр. 16, 2024 16:19
🔥🔥🔥
Arman Zhalgasbayev · Қыр. 14, 2024 09:47
Cool 👍