Presight AI және Astana Hub технопаркі AI Battle – жасанды интеллект саласындағы IТ- стартаптардың жарысын өткізді

Жасанды интеллект (AI) көмегімен үлкен деректерді талдау бойынша Presight AI алпауыт компаниясы мен Astana Hub халықаралық технопаркі жасанды интеллект, үлкен деректер және машиналық оқыту саласындағы стартап-идеялар деңгейін көтеру және бизнес аясын кеңейтуге бағытталған AI Battle жарысын өткізді.


Жарысқа 50-ден астам өтінім түсті, соның ішінде 11 стартап* финалдық баттлға өтті. Олар өз жобаларын 3 минуттың ішінде қазылар алқасына таныстырып, кәсіби кеңестер, ұсыныстар мен әлеуетті серіктестер табу мүмкіндігіне ие болды.

«Біз Astana Hub-пен серіктестік аясында АI Battle байқауын ұйымдастырып, жасанды интеллектің шексіз әлеуетін пайдалануға ұмтылатын жаңа стартаптарға қолдау көрсетуге ниеттіміз. Біздің мақсатымыз – жасанды интеллект арқылы үлкен деректерді талдаудағы тәжірибемізге сүйене отырып, оларға дамып, жаңа байланыстар табу үшін қажетті ресурстар мен платформаны ұсыну. Біз жеңімпаздарды құттықтаймыз. Олар индустрияның дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамыз», - деді Presight бас директоры Томас Прамотедхам.

Alaqan, Relive және ARA стартаптары үш негізгі номинацияда жеңімпаз атанып, сәйкесінше $10,000, $5,000 және $3,000 жүлде қорына ие болды.

Жарысқа ҚР ЦДИАӨМ, Presight AI, Astana Hub және «ҰАТ» АҚ өкілдерінен құралған алқа қазылық етті.

«Жасанды интеллект және үлкен деректер саласында белсенді жұмыс істеп жатқан қазақстандық стартаптардың көбейіп жатқанына қуаныштымыз. Бүгінгі дәуірде деректерге негізделген аналитика маңызды рөл атқарады және оларды өз бизнесіне енгізетін стартаптарымызды дамыту қажет. Astana Hub және Presight AI серіктестігі және алдағы бірлескен бағдарламаларымыз арқылы біз көбірек кәсіпорындар мен стартаптарға өздерінің инновацияларын енгізу үшін қажетті қолдау көрсетуді мақсат етіп отырмыз», - деді ЦДИАӨМ вице-министрі Асқар Жамбакин.

Еске салсақ, биыл қаңтарда Astana Hub БАӘ-нің Presight.AI компаниясымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған болатын. Осы келісім аясында Group42 операциялық компаниясы Presight.AI Astana Hub қатысушыларының стартап жобаларын венчурлық қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ Presight.AI Қазақстан, Орталық Азия, Әзірбайжан және Моңғолиядан келген технопарк қатысушыларының стартап жобаларына Таяу Шығыс пен Африка нарығына шығуға көмектеседі.

Қазіргі уақытта жасанды интеллект (AI) - аса маңызды және ең жылдам дамып келе жатқан технологиялық үрдіс. Сарапшылардың дерегі бойынша AI жаһандық нарығының көлемі, бағдарламалық-техникалық құралдар мен қызметтерді қосқанда, 2021 жылы 383,3 млрд долларды құрады, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 20,7%-ға артық. 2022 жылы нарық шамамен 450 млрд долларға өсті және алдағы уақытта да осындай динамика жалғасады.

* AI Battle қатысқан стартаптар

TargetEYE бақылау камераларын бір жүйеге біріктіреді және олардың жұмысын бақылайды, ал аналитикалық модульдерді пайдалану клиенттердің бизнес-процестерін жақсартуға көмектеседі.

Visius - дүкен үшін ең жақсы орынды таңдау процесін жылдамдататын бейне аналитика.

Nimbl пайдаланушы тәжірибесін жақсарту үшін жасанды интеллект технологиясын қолдана отырып, мазмұнды токенизациялау немесе жасаушыларды токенизациялау уәдесін орындауға тырысады.

ARA – бөлшек сауда дүкенінің күйі туралы ақпаратты алу және уақыт серияларының машиналық оқыту алгоритмдеріне негізделген дүкеннің болашақ күйін болжау үшін Computer Vision терең оқыту үлгілерін пайдаланатын веб-негізделген платформа.

Inpipe Robotics жобасы өнеркәсіптік құбырлардағы ақауларды анықтауға арналған мобильді роботты әзірлеуге бағытталған.

Verigram - қашықтан қызмет көрсету үшін клиенттің шынайылығын тексеру.

Alaqan – алақан тамырларының үлгісіне негізделген адамды биометриялық сәйкестендіру саласындағы жаңа шешім.

Smart Road Diagnostic System - жол жағдайлары туралы есеп беретін және жол ақауларын тану дәлдігі 95% жоғары жүйенің сегіз түрі

Remedii - жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдарға арналған онлайн кеңес беру қызметі.

Zypl.ai несиелік скорингті жақсарту үшін синтетикалық деректерді енгізетін B2B AI SaaS-тің пионері.

Relive - инсультпен ауыратын науқастарға арналған AI басқаратын нейрореабилитациялық платформа.

 

Presight AI туралы

Presight AI, G42 компаниясы - жасанды интеллектпен жұмыс істейтін үлкен деректерді талдау компаниясы. Ол әрбір секторда және барлық көлемде инновациялық шешімдер көмегімен нақты мәселелерді шешу бағытында технологияларды, деректерді және адамдарды біріктіреді. Presight саясатты қалыптастыратын және қауіпсіз, салауатты, бақытты және тұрақты қоғам құратын шешімдер қабылдауға қолдау көрсету үшін Дүниежүзілік деңгейдегі компьютерлік көру, жасанды интеллект (AI) және omni-analytics платформасы арқылы деректерді бірнеше көзден пайдаланады. Толығырақ https://presight.ai 

Astana Hub туралы

Astana Hub – Орталық Азиядағы ІТ-стартаптардың ең ірі халықаралық технологиялық паркі. Қазіргі уақытта технопаркте 1006 қатысушы бар. Олар 14 мыңнан астам жұмыс орнын ашты. Astana Hub-тың білім беру бағдарламаларында 18 950-ден астам адам оқыды және 2 000-нан астам адам инкубациялық және акселерация бағдарламаларынан өтті. Мұнда қазақстандық және шетелдік технологиялық компаниялардың еркін дамуы үшін бүкіл жағдай жасалған. Astana Hub-тың ғаламдық миссиясы — инновациялық жобаларды дамыту орталығына айналу, мықты IT-компанияларды құру және әлемнің түкпір-түкпірінен жас және талантты IT мамандарын тартуға арналған орталыққа айналу. Толығырақ https://astanahub.com 

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін