«Мониторинг – Astana Hub экожүйесінің ажырамас бөлігі. Ол барлық қатысушы үшін тең жағдай қалыптастыруға және белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған. Негізгі мақсаты – бұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, олардың алдын алу, сондай-ақ түсінікті әрі айқын жұмыс қағидаларын қалыптастыру. Бұл өз кезегінде институтқа деген сенімді нығайтып, іскерлік жауапкершіліктің жоғары деңгейін сақтауға ықпал етеді», – деді Astana Hub мониторинг қызметінің жетекшісі Марья Жунусова.
Тексеру барысында бұзушылықтардың төрт негізгі санаты анықталды.
Бірқатар жағдайда компаниялар меншікті өндірісті растайтын құжатсыз өнім шығарған. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің № 521/НҚ бұйрығы күшіне енді. Сәйкесінше, мұндай қызметті растаудың міндетті шарты – қазақстандық тауар өндіруші тізілімінен алынған үзінді көшірменің болуы. Бұл құжаттың болмауы Astana Hub талаптарын бұзу ретінде қарастырылады.
Сонымен қатар ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлерінің тізбесіне кірмейтін қызметті жүзеге асыру фактілері тіркелді. Бұған дәстүрлі офлайн-бизнес немесе Astana Hub қатысушысына тікелей қатысы жоқ үшінші тараптың ақпараттық жүйелеріне қызмет көрсету жатады. Бұдан бөлек, кейбір компаниялар үшін қатысушылар қатарынан шығаруға толық немесе уақтылы құжат ұсынбау негіз болды. Бұл – елеулі бұзушылық, өйткені ол компанияның белгіленген талаптарға сәйкестігін растауға кедергі келтіреді.
Astana Hub қатысушылардың іскерлік беделіне жоғары талап қояды. Егер компания қызметі имидждік тәуекелдер туындатып, іскерлік әдеп қағидаттарына қайшы келсе, оның қатысушы мәртебесі күшін жояды. Мұндай жағдайларға мыналар жатады:
– қызметі заңнамаға қайшы келетін серіктестермен жұмыс істеу (мысалы, онлайн-казино, қаржы пирамидалары);
– нақты қызмет көрсетпей қаржылық пайда алу.
Инновациялық кластер ашықтық, сенім және кәсіби этика қағидаттарын ұстанады. Қатысушылардан тек белгіленген талаптарды сақтау ғана емес, сонымен қатар іскерлік жауапкершілікті мінсіз ұстану күтіледі.
Еске салсақ, қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес қатысушылардың жылдық жиынтық табысының кемінде 90%-ы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басым қызмет түрлері есебінен қалыптасуы тиіс. Толық ақпарат ҚР Салық кодексінің 17, 740 және 741-баптарында көрсетілген.
Astana Hub қатысушыларын мониторингтеу қызметі 2023 жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде 200-ден астам компания қатысушы мәртебесінен айырылды. Бүгінде Astana Hub-та 2000-нан астам IT-компания мен стартап тіркелген, олардың шамамен 500-і шетелдіктердің қатысуымен.
Мемлекет Astana Hub халықаралық инновациялық кластері арқылы технологиялық кәсіпкерлікті дамытуды жалғастырып келеді. Қатысушылар инфрақұрылымға, салықтық жеңілдіктерге, білім беру және акселерациялық бағдарламаларға, сондай-ақ жобаларды ауқымдау мен халықаралық нарықтарға шығу құралдарына қол жеткізеді. Бұл тәсіл компанияларға бірыңғай әрі ашық жұмыс қағидаттарын сақтай отырып, жаһандық деңгейде дамуға және бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді.