Smart City Accelerator Almaty-ға өтінімдерді қабылдау жалғасуда!

Astana Hub және Алматы қаласының цифрландыру басқармасы қалалық қызметтерді цифрландыруға және жайлы қалалық орта құруға бағытталған стартаптарға арналған жобаны іске қосты. ⠀


Бағдарламаға қатысушылар тәжірибелі сарапшылардың басшылығымен келесі бағыттар бойынша өз шешімдерін ұсына алады:

 

🔹Қауіпсіздік;

🔹ТКШ;

🔹Денсаулық сақтау;

🔹Туризм индустриясы;

🔹Ақпараттандыру;

🔹Білім;

🔹Көлік;

🔹Қаланы басқару / үйді басқару;

🔹Экология;

🔹Энергетика;

🔹Құрылыс.⠀

Үздік стартаптар "Инновациялар бағдарламасы" және "Алматы қ. кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы" аясында 2-ден 5 млн теңгеге дейінгі гранттарға үміткер бола алады. Сонымен қатар, қатысушылар цифрландыру басқармасымен келісім жасауға, кейіннен дайын цифрлық шешімді қалалық қызметтерге енгізуге мүмкіндік алады.

Бағдарламаның ұзақтығы: 25 шілдеден 25 қазанға дейін (3 ай)

🔗Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін