Astana Hub резиденті болып табылатын Zan.bar стартабы «Сбербанк» АҚ ЕБ-мен бірлескен жобаны іске қосты

Бұл — отандық стартаптың екінші деңгейлі банкпен жасаған алғашқы коллаборациясы


Бұл — отандық стартаптың екінші деңгейлі банкпен жасаған алғашқы коллаборациясы
Заңгерлерді іздеу бойынша Zan.bar қазақстандық стартабы "Сбербанк"АҚ ЕБ-мен біріге отырып клиенттерді қамқорлықпен қамтамасыз ететін жобаны іске қосты. Отандық стартап алған рет екінші деңгейлі банкпен коллаборация жасап отыр. Ендігіде шотының бұғатталуы туралы хабарлама алған банк клиенттері "Заңгерлік көмек zan.bar қызметінде ұсынылуы мүмкін” деген жазбасы бар қосымшаның жүктеу сілтемесін көретін болады.

Zan.bar өкілдері хабарлағандай, жаңа шешім банк клиенттеріне тез арада заңгер тауып, шотты ашу бойынша мәселені шешуге көмектеседі: "Картадағы сома туралы ақпараттың орнына оның шоттың бұғатталуы туралы хабарламаны көргенде адам не істеуі керек? Себептері әртүрлі болуы мүмкін: әкімшілік айыппұл, салық берешегі және т.б. Әдеттегі сценарий бойынша тұлға бұғатталу мәселесін тез шеше алатын заңгер іздейді. Мұндай маманды іздеу көп уақытты алатыны белгілі. Заңгердің қызметтері де арзан емес, ал нәтиже болса, тексерілмейтін құзыреттілік деңгейіне байланысты болып келеді. Достарыңыздың ұсыныстары арқылы кәсіби маман тапсаңыз да, Сіздің жағдайыңызда бұл мәселені шешеді дегенді білдірмейді. Құқықтық мәселелерде де ішкі мамандандыруға байланысты көптеген жағдаяттар бар".

Zan.bar қызметі 2020 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді, қазіргі кезде Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 1000-нан астам заңгерлер мен адвокаттар қосымшаның белсенді пайдаланушылары болып табылады. "Zan.bar мобильді қосымшасының функционалы өте қарапайым. Қосымшасына қолдану барысында клиент заңгерді іздеу кезінде өзінің проблемасы мен міндеттерін сипаттайтын өтініш қалдырады, мүддеге сай жауап та келеді. Бұл бірнеше минутты ғана алады, себебі мамандар желіде онлайн отырып, сұранысты бірден көре алады", - деп толықтырды Zan.bar.

Сонымен қатар, стартап өкілдерінің хабарлауы бойынша Zan.bar мобильді қосымшасында заңгерлердің рейтингтік жүйесі бар. Пайдаланушылар жауап берген мамандардың толық тізімін қарап, олардың кез-келгенінің парақшасына өтіп, түйіндемесімен танысып, оның білімі, тәжірибесі, мамандануы, біліктілігі, рейтингтегі орны туралы біліп, сәйкесінше өзіне лайықты маманды таңдай алады. Яғни, заңгерді іздеу уақыты бірнеше минутқа ғана созылады, ал олардың кәсібилігіне мамандарды тіркеу кезінде әр кандидатты мұқият тексеретін Zan.bar қызметі кепілдік береді.

Еске сала кетейік, Zan.bar стартабы Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы болып табылады. Технопарктің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы арқасында IT-компаниялар үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік алады.

Пікірлер 0

Кіру пікір қалдыру үшін