Бағдарламаға Product Market Fit немесе Scale сатысындағы IT-жобалар қатыса алады. Бағдарлама ұзақтығы – 4 ай. Мұнда стартаптар сыртқы экономикалық қызмет саласында IT-компания өкілдеріне қажет құзыреттерді игереді.
Scalerator – компаниялардың әлемдік нарықты бағындыруы үшін оқыту мен қаржылық емес шараларды ұсынатын экспортты қолдау бағдарламасы. Бағдарлама аясында сарапшылар нарыққа шығу тәжірибесін ортаға салып, стартаптар мәдени, тілдік немесе басқа факторларды ескере отырып, алғашқы сатылымдарын жасау үшін өнімдерін жаңа нарыққа бейімдей алады.
Бағдарламада білім беру және сату блоктары (sales-track) бар. Біріншісінде қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды орындайды. Нарықты талдау және оның мақсатты сегменттерін анықтау дағдыларын меңгереді. Сондай-ақ өнімді қаптау мен LinkedIn, Web және Inbound арқылы клиенттер іздеуді үйренеді. Ал sales-track блогы экспорттық стратегия әзірлеу, лидтерді генерациялау, нарықты зерттеу мен сатуды қамтиды.
Естеріңізге сала кетейік, Scalerator іске қосылғаннан бері 148 стартап бағдарламаны сәтті аяқтады. Қатысушылардың жасалған келісімшарттары бойынша сату және алдын ала сатудың жалпы сомасы $1,3 млн құрап, 50-ден астам экспорттық келісімшарт жасалды.
Бағдарламаның бұған дейінгі лек қатысушылары арасында KAC ERP және AIC 24 сияқты стартаптарды айрықша атап өтуге болады. Олар бағдарламаға қатысу барысында ең ірі жалпы экспорттық сатылымдарға қол жеткізді. «1С» бағдарламалық өнімдерінің негізінде басқару мен есепке алуды автоматтандырумен айналысатын KAC ERP өз қызметтерін Австрия мен Украинаға 200 мың еуро сомасына экспорттады. Ал AIC 24 стартабы Өзбекстан нарығына шығып, 420 мың доллар табуға мүмкіндік алды. Бұл өнім шешім қабылдау процесін автоматтандыратын компания қызметкерлерінің, жеке және заңды тұлғалардың алаяқтық іс-қимылына әрекет ететін платформа саналады.
Scalerator бағдарламасына қатысты қосымша ақпаратпен танысып, өтінім беру үшін мына сілтемеге өтуге болады.