Орталықпен танысу тарихқа шолу жасаудан басталды. Ол “Технологиялық серпіліс” музейінде жасанды интеллекттің XVII ғасырдағы алғашқы идеялардан бастап қазіргі заманғы нейрожелілерге дейінгі даму жолымен танысты. Мұнда технологияларды тәжірибе жүзінде сынауға болады. Мәселен, цифрлық гидке сұрақ қойып немесе роботпен шахмат ойнау мүмкіндігі бар. Ал Smart City аймағы технологиялардың өмірде қалай қолданылатынын көрсетеді: мұнда нейрожелілердің қаладағы көлік кептелістерін азайтуға, энергия жүйелерінің тепе-теңдігін сақтауға және көшелердегі қауіпсіздікті арттыруға қалай ықпал ететіні бейнеленген.
180° панорамалық көрінісі бар иммерсивті AI Cinema кинотеатрында Себастьян Курцқа Қазақстандағы алғашқы «юникорн» компания – Higgsfield AI платформасында жасалған бейнелер ұсынылды.
Сапардың маңызды бөлігі Astana Hub қызметімен танысу болды. Аймақтағы ең ірі инновациялық кластер саналатын бұл алаң бүгінде 2000-нан астам IT-компанияны біріктіреді. Astana Hub-тың бас директоры Мағжан Мәдиев технологиялық экожүйенің дамуы, стартаптарды қолдау, халықаралық серіктестіктер және адам капиталын дамытуға бағытталған бастамалар туралы айтып берді.
Цифрлық қауіпсіздік саласында шешімдер әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі бар Себастьян Курц Қазақстандағы киберқауіпсіздік бағытындағы стартаптарға ерекше қызығушылық танытты.
IT Holding Kazdream компаниясы онлайн-алаяқтықты анықтауға арналған интеллектуалды Antifraud AI жүйесін таныстырды. Бұл технология киберқылмыспен күрестің тиімділігін 40%-ға арттырып, жыл сайын 42 миллион доллардан астам шығынның алдын алуға мүмкіндік береді.
MSSP Global ақпараттық қауіпсіздік пен құпия деректерді қорғау саласындағы шешімдерін таныстырды. Компания ұйымдардың киберқауіптерге төзімділігін арттыруға және цифрлық инфрақұрылымды қорғауға бағытталған өнімдер мен технологиялық шешімдерді әзірлейді.
Ал WebTotem командасы сайттарды, домендерді және компаниялардың IT-инфрақұрылымын автоматты түрде сканерлеп, осал тұстар, істен шығу және басқа да қауіптерді анықтайтын сервис туралы баяндады. Платформа ұйымдарға цифрлық активтердің жай-күйін бақылап, ықтимал қауіптерді дер кезінде жоюға мүмкіндік береді.
Tumar.One краудсорсингке негізделген киберқауіпсіздік платформасын таныстырды. Бұл – Орталық Азиядағы осы бағыттағы ең ірі платформа. Оның практикалық тиімділігі банк секторында, телекоммуникация саласында, білім беру жүйесінде және мемлекеттік қызметтерде сәтті жүзеге асқан жобалар арқылы дәлелденген.
Сондай-ақ отандық TAUTAN өнімі ұсынылды. Бұл – қауіпсіз аутентификация мен криптографиялық кілттерді сақтауға арналған шешім. Ол компаниялар мен мемлекеттік ұйымдарға өз ақпараттық жүйелеріне фишингтен және платформаларға рұқсатсыз қашықтан қол жеткізуден қорғалған FIDO2, UAF және U2F хаттамаларын енгізуге мүмкіндік береді.
Бұл сапар жасанды интеллект пен киберқауіпсіздік салаларындағы халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін талқылауға жол ашты. Astana Hub пен alem.ai Қазақстанда технологиялық компаниялар, мемлекеттер және сарапшылар қауымдастығы арасында ашық диалог жүргізетін алаң қалыптастыру жұмысын жалғастырады.