Astana Hub мүшелері HubSpot бағдарламалық құралына 90%-ға дейін жеңілдік алды
Astana Hub халықаралық IT-стартаптар технопаркі маркетинг, сату, тұтынушыларға қызмет көрсету және контентті басқаруға қажетті барлық құралдары бар HubSpot CRM платформасымен серіктесті.
Серіктестік бағдарламасы аясында HubSpot мынадай мүмкіндіктер ұсынады:
- Қаржыландыруы $2 млн кем стартаптар үшін –HubSpot бағдарламалық құралына бірінші жылы 90%-ға дейін, екінші жылы 50%-ға және одан кейін 25%-ға дейін жеңілдік.
- 2 миллион доллардан астам қаражат тартқан стартаптар үшін – бірінші жылы 50%-ға дейін және одан кейін 25%-ға дейін жеңілдіктер.
Astana Hub мүшелері бір қызметті немесе HubSpot Growth Platform платформасының барлық жинағын тиімді бағамен пайдалана алады. Егер стартап премиум-нұсқаға әлі дайын болмаса, ол жүйелер мен өңдеуді орнату үшін тегін нұсқаны пайдалана алады. Кейінірек жеңілдікті іске қосып, стартапты келесі деңгейге көтеру үшін HubSpot қолданбасын пайдалануға болады.
HubSpot білім беру ресурстарын және мамандандырылған тренингтерді - стартапты әзірлеу кезінде уақытты үнемдеуге және артық шығын жасамауға көмектесетін семинарлар, үлгілер, жинақтар және нұсқаулықтар ұсынады. Бұған қоса, стартаптар HubSpot сарапшыларының қолдауына ие бола алады.
Стартаптар 500-ден астам бағдарламалық қамтамасыз ету интеграциясына қол жеткізе алады, олардың көпшілігіне тиімді бағамен қол жеткізуге, сондай-ақ HubSpot платформасында интеграция құруға болады.
Сондай-ақ HubSpot for Startups бағдарламасы аясында Astana Hub мүшелері Google және LinkedIn платформаларында $1000 дейінгі жарнамалық несиелер алу мүмкіндігіне ие. Айта кетсек, жеңілдіктер Professional және Enterprise деңгейіндегі өнімдерге қатысты.
Еске салайық, технопарк қатысушылары және/немесе Astana Hub бағдарламаларының қатысушылары «Серіктестер ресурстары» бағдарламасы бойынша серіктестік қызметтерге тегін және жеңілдікпен қол жеткізе алады.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін