Astana Hub халықаралық инновациялық кластерінің экожүйесіне кіретін Higgsfield компаниясының тең құрылтайшысы Алекс Машрабов Қазақстан Республикасының азаматтығын алды. Компанияның бағалау құны — $5,4 млрд.
«Higgsfield тарихы Қазақстанмен тығыз байланысты. Менің серіктесім әрі компанияның тең құрылтайшысы Ерзат пен командамыз мұндағы инженерлік базаның қаншалықты мықты, ал алға қойған мақсаттардың қаншалықты ауқымды екенін көрсетті. Біз осы жерден Higgsfield-тің ДНҚ-сын қалыптастырған ерекше шығармашылық таланттарды таптық. Компаниядан тыс адамдардың да шынайы қолдауы айрықша болды. Миллиондаған қазақстандықтың бізге сенетінін көріп отырмыз, сондай-ақ Astana Hub қолдауына шексіз ризамыз. 2023 жылдың өзінде компаниямыздың іргетасын дәл осы жерде қалайтынымызды түсіндім. Уақыт бұл шешімнің дұрыс болғанын көрсетті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенімі үшін зор алғысымды білдіремін. Бұл елді ресми түрде өз үйім деп атап, Қазақстанның бір бөлігі болу — мен үшін үлкен мақтаныш», — деді Алекс Машрабов.
Алекс Машрабов пен қазақстандық AI-инженер Ерзат Дулат мектепте оқып жүргенде бағдарламалау және физика бойынша халықаралық олимпиадаларда танысқан. 2023 жылы олар Махи де Силвамен бірге Higgsfield компаниясын құрды. Компания құрылған сәттен бастап Алматы оның негізгі инженерлік орталығына айналды. Мұнда команда жасанды интеллект модельдерін оқытып, өнімдер әзірлейді. Ал Машрабов АҚШ-та жұмыс істей жүріп, компанияның қалыптасуы мен халықаралық дамуына атсалысты.
Higgsfield — Astana Hub қатысушысы әрі жобаға $500 мың инвестиция салған Astana Hub Ventures қорының портфельдік компаниясы. Компанияның тең құрылтайшысы Ерзат Дулат 2020–2021 жылдары Astana Hub-тың R&D бағдарламасына қатысты.
Компания жасанды интеллект көмегімен визуалды контент жасауға арналған платформаны дамытады. Оның өнімдерін 238 ел мен аумақта 40 миллионнан астам адам пайдаланады. 2026 жылғы тамызда Higgsfield Series B инвестициялық раундында $400 млн тартып, компанияның бағалау құны $5,4 млрд болды. Компанияның штаб-пәтері Сан-Францискода орналасқан.
Қазан айында өткен AI & Digital Bridge 2026 форумында Алекс Машрабов Мемлекет басшысына компанияның нәтижелерін таныстырды. Форумның жабылу рәсімінде Премьер-Министр Higgsfield компаниясына «Жылдың халықаралық серпілісі» марапатын табыстады.
Тең құрылтайшылар жасанды интеллект әзірлеу және технологиялық өнімдерді жаһандық нарыққа шығару салаларындағы тәжірибелерін біріктіреді. Республикалық физика-математика мектебінің түлегі, Higgsfield компаниясының техникалық директоры Ерзат Дулат AI-технологияларды әзірлеу мен жетілдіруге жауап береді. Алекс Машрабов компанияның халықаралық дамуы және технологиялық әзірлемелерді кең аудиторияға арналған өнімдерге айналдыру бағытында жұмыс істейді.
Higgsfield құрылғанға дейін Машрабов AI Factory стартапының тең құрылтайшысы болған. Оны Snapchat иесі Snap компаниясы $166 млн-ға сатып алды. Мәміледен кейін Машрабов Snap компаниясында генеративті жасанды интеллект бағытын басқарды.