Kazakhstan Digital Accelerator - "QazTech Ventures" АҚ мен жетекші сингапурлық Quest Ventures қоры арасындағы ынтымақтастық аясында іске қосылған халықаралық акселератор. Бағдарламаның шарттары бойынша конкурстық іріктеуден өткен барлық финалистер 50 мың доллардан инвестициялар алып, жобаларына дамытуға бағыттайды.
Төрт ай ішінде KDA бірінші легінің қатысушылары көп жылдық тәжірибесі бар үздік халықаралық менторлар мен кәсіпқойлардан білім, консультациялар алып, өз жобаларын Оңтүстік-Шығыс Азияның инвесторларына ұсына алады. Бағдарламаға қатысуға қазақстандық және халықаралық стартаптардан барлығы 200-ге жуық өтінім келді. QazTech Ventures және сингапурлық Quest Ventures сарапшылары үшін жобаны бағалау кезінде іріктеудің басты өлшемшарттары: команда, міндеттер қою және қолдағы бар шешімдер, бизнес-идея және нарықтық құндылық.
Сонымен қатар, қазір инвесторлар мен бизнес - періштелер үшін Investors Schools венчурлық инвестициялау бойынша қарқынды курс өтінімдерді қабылдайтынын хабарлаймыз. Тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз:
https://investschool.astanahub.com/en
«ApartX» - жалға берушілерге арналған пәтерлерді қауіпсіз және қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін мобильді қосымша.
«Smart Gas» - автопарктер мен автожанармай құю станцияларына логистикалық және маркетингтік шығындарды қысқарту есебінен өзінің табыстылығын арттыруға көмектеседі. Көлік құралдары мен жүргізушілерді сәйкестендірудің автоматтандырылған жүйесі автопарктер мен ЖҚС үшін отын төлеудің дәл әрі қарапайым процесін қамтамасыз етеді.
«Egistic» - егінді бақылауға арналған платформа.
«Okoo» - цифрлық кодтау мектебі. Ол онлайн кодтау курстарын, бейнематериалдарды, интерактивті жаттығуларды, озық аналитиканы, автоматтандырылған бағалау жүйесін біріктіреді.
"QLang" - Бұл онлайн режимінде шет тілдерін үйренуге арналған e-learning платформа. Шешім топтық және жеке ұсыныстарды қамтиды.
"1Fit" - қосымша күнделікті спорттық тәртіпке қол жеткізуді жеңілдетеді. 1Fit мүшелігін сатып алу денсаулыққа қатысты шешімдердің толық спектрін ұсынады.
"Aero" - қызмет емтихан кезінде алаяқтықтың алдын алу үшін білім беру мекемелеріне онлайн мониторинг қызметтерін ұсынуға бағытталған.
"Retail Analytica" - клиенттермен өзара әрекеттесуді бағалайтын гибридті жасанды интеллект жүйесі.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін