Тимур Турлов қазақстандық стартапқа $ 1.000.000 инвестициялады
Тағы да инвестициялар жайлы. Бүгін БАҚ қазақстандық Cerebra стартапының Freedom Holding Corp басшысы және Forbes жаһандық тізімінің мүшесі Тимур Турловтан 1 млн доллар көлемінде грант алғандығы туралы хабар таратты. Компания өз жолын Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің қатысушысы ретінде бастап, кейіннен Қазақстанның 2020 жылғы үздік стартаптарының ТОП-10-ына кіргенін білесіз бе?
Жоба туралы: Cerebra инсультты тез диагностикалау үшін жасанды интеллектке негізделген бағдарламалық жасақтаманы жасайды. Бүгінгі таңда сервис Қазақстанның 8 ауруханасында пилоттық режимде пайдаланылуда.
Өнім немен құнды? CEREBRA платформасына енгізілген жасанды интеллект инсультты 10 минут ішінде тани алады. Нәтижесінде, пациентке дереу емдеу тағайындалады және мүгедектік пен өлім қаупі барынша азайтылады.
Бұл неге маңызды? Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда инсульт - бұл басқаларға қарағанда жиі өлімге әкелетін ауру - әрбір екінші науқас қайтыс болады (52%). Қазақстан инсульттан өлім деңгейі бойынша әлемдегі алғашқы 30 елдің қатарына кіреді, ал аман қалғандардың 80% -ы мүгедек болып қалады.
"Тимур Турлов қаржыландырған SEED-раундтың сәтті жабылуы әлемдік бәсекелестермен күрестегі мүмкіндіктерімізді теңестіреді және бізге ҚР шегінен шығуға мүмкіндік береді", - деп Cerebra компаниясының CEO Досжан Жүсіпов атап өтті.
Айта кетейік, Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің барлық қатысушылары салық жеңілдіктеріне ие болады. Преференциялар қатысушыларды КТС, ҚҚС, тауарлар импортына ҚҚС, роялти салығы, ЖТС және резидент еместер үшін әлеуметтік салық сияқты салықтарды төлеуден босатады. Мемлекеттік қолдаудың осындай шарасы IT-компанияларға үнемделген қаражатты өз жобаларын дамытуға қайта инвестициялауға мүмкіндік береді.
Пікірлер 0
Кіру пікір қалдыру үшін