Стартаптарды бастапқы MCI және MVP кезеңдерінде қолдауға бағытталған Startup Garage бағдарламасы 3 кезеңді қамтиды. Әр кезеңде командалардың қатысуы мен әлеуеті, олардың іс-шаралардағы белсенділігі және өнімді әзірлеудегі жетістіктері мұқият талданады.
«Нәтижесіз және ережелерді бұзған жобалар бағдарламадан шығарылады. Бұл көп қырлы тәсіл бізге ең перспективалы және амбициялық жобаларды анықтауға мүмкіндік береді. Қарқынды 12 аптаның ішінде стартаптар жан-жақты қолдау мен ресурстарды ғана емес, сонымен қатар даму, өнімді ұсыну, сату арналарын арттыру және инвестор тарту негіздерін игерді», - деп атап өтті Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.
Жобаны дамыту үшін әр стартаптың қажеттілігіне қарай әртүрлі әдістер қолданылып, түрлі сынақтар жасалады. Startup Garage қатысушыларын IT компанияларда жұмыс істеген тәжірибелі және үздік трекерлер оқытты. Сарапшылар мен шақырылған лекторлар, соның ішінде табысты стартаптардың негізін қалаушылар, инвесторлар және IT саласындағы ірі ойыншылар стартап құру және оны дамыту бойынша инсайттарымен бөлісіп, кеңестерін айтты. Инкубация кезінде Quickstarter Plus, Best Price, DentaSense, ekgov, TenderTech, Inventivo, Cubus, Alan және т.б перспективалы жобалар жақсы нәтиже көрсетті.
«Үш айдың ішінде «гараждың» арқасында біз ашық нарыққа шыға алдық, онда сатылымымыз бір айдың ішінде 100 мыңнан 1,2 миллион теңгеге дейін, яғни 12 есе өсті. B2C жүйесінде каспи картасына қарапайым аударымнан бастап, біз «таза бухгалтерлік есебі» бар, шот-фактуралармен және сертификаттармен қамтамасыз етілген B2B-ге ауыса алдық. Біз жаңа клиенттерді табуды үйреніп қана қоймай, нарықтағы ұсынысымыздың құндылығын растадық. Қазір біздің аудиториямыз - 20 балабақша», - деп пікір білдірді Best Price негізін қалаушы Ілияс Тасымов.
Еске салсақ, MCI және MVP кезеңіндегі стартаптар Astana Hub-тың Startup Garage инкубациялық бағдарламасы бойынша тегін оқи алады, бұл бағдарлама білім беріп қана қоймай, сонымен қатар қарқынды дамуға, сарапшылар және әлеуетті инвесторлармен тиімді қарым-қатынас орнатуға қолайлы жағдай жасайды.